⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Байланыс туралы Заңы

8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Байланыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Байланыс туралы Заңы 

      1. Уәкілетті органның құзыретіне: 

      1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ байланыс аясындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өз құзыреті шегінде қатысуды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 

      1-1) субсидиялар мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі талаптардың және әмбебап байланыс қызметтерінің тізбесін бекіту; 

      1-2) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 

      2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру; 

      3) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      5) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       6) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       6-1) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6-2) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6-3) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6-4) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6-5) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6-6) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6-7) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      6-8) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту; 

      6-9) алып тасталды – ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       7) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау; 

      8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу; 

      8-2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

       8-3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      8-4) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру; 

      8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту; 

      8-6) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту; 

      8-7) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру; 

      8-8) ұялы байланыстың абонентік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту; 

      9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау; 

      10) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кіру; 

       12) алып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      13) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру; 

       14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      15) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу; 

      16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 

      17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 

      18) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      18-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту; 

      19) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       19-1) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      19-2) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру; 

      19-3) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      19-4) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу; 

       19-5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      19-6) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру; 

      19-8) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту; 

      19-9) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      19-10) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту; 

      19-11) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту; 

      19-12) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту; 

      19-13) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту; 

      19-14) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту; 

      19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту; 

      19-16) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын әзірлеу және қабылдау; 

       19-18) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру; 

      19-19) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      19-20) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беру үшін радиожиілік органдары айқындаған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау; 

      19-21) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту; 

      19-22) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын бекіту; 

      19-23) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру; 

      20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады. 

      2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне: 

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

      2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу; 

      4) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

       5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      6) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру; 

      7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау; 

      8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

       9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу; 

      9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау; 

      9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру; 

      9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу; 

      9-5) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету; 

      9-6) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      9-7) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау; 

       10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.  

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.06 № 209, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы