⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар Автомобиль көлiгi туралы Заңы

9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар Автомобиль көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар Автомобиль көлiгi туралы Заңы 

      1. Басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне (әкелінуіне) мынадай: 

      1) автокөлік құралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық іздестіруде немесе іздестіруде болған; 

       2) көлік құралының басқа мемлекетте тіркелгені туралы куәлік болмаған;  

      3) автокөлік құралының меншік иесі туралы мәліметтерді, автокөлік құралының сәйкестендіру белгілерін, осындай автокөлік құралын жеткізу орны және қабылдау шарттары туралы мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралын тасымалдау туралы қызметтер көрсетуге арналған шарт болмаған (автокөлік құралдарын тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып, автокөлік құралдарын әкелген жағдайда); 

      4) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының сәйкестендіру белгілері және олардың тіркеу есебі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, жол берілмейді. 

      2. Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруінің (әкелінуінің) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібі мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 1-тарау 9-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы. 

      Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы