⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы бiлiм беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар    3-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРFА ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы бiлiм беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар    3-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРFА ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы бiлiм беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар    3-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРFА ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы 

      1. Медициналық қызметтерді профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді. 

       2. Медициналық қызметтерге:  

       1) "қатер" (скрининг) тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жас сәби балаларды жаппай стандартты тексеру;  

       2) туа бiткен, тұқым қуалаған және жүре пайда болған патологияның тереңдетiлген диагностикасы;  

       3) психика-дене дамуында ауытқулары бар балаларды медициналық түзеу және оңалту;  

       4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетiн өзге де қызметтер жатады.  

       3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы бiлiм беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да білім беру ұйымдары көрсетедi.  

      4. Көрсетілетін арнаулы білім беру қызметтеріне: 

       1) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында балаларды тереңдетіп және кешенді зерттеп-қарау;  

       2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау;  

      3) арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқыту және тәрбие беру; 

       4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін өзге де қызметтер жатады.  

      5. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететiн ұйымдар болып табылады. 

       6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге:  

       1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;  

       2) протездеу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсету;  

       3) арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;  

       4) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына консультациялық көмек көрсету;  

       5) әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтер көрсетуi жатады.  

       Әлеуметтiк қызметкерлердiң құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.  

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 

       Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы