9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыру шартының қолданылуы Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.
Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады.
Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.
3. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 Заңы.
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы