9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы
1. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты бойынша оригинатор өзінің дебиторлармен қатынастарынан туындайтын дебиторларға қойылатын болашақтағы немесе қазіргі талап ету құқықтарын береді немесе оны беруге міндеттенеді, ал арнайы қаржы компаниясы осы талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақша қаражатын оригинаторға беру арқылы оларды сатып алуды жүзеге асырады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, оригинатор дебиторлардан басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады.
3. Секьюритилендіру мәмілесі бойынша басқаға беру нысаны болып табылатын талап ету құқықтары оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы шартта шарт жасасу кезінде орын алған ақшалай талап, ал болашақ талап - ол туындаған кезден кешіктірмей белгілеуге мүмкіндік беретіндей болып айқындалуға тиіс.
4. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Азаматтық кодекстің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
5. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы дебиторлардан талаптарды орындау үшін алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсімдерді алу құқығына ие болады.
Оригинатор талап ету құқықтары бойынша түсімдердің арнайы қаржы компаниясының осы құқықтарды алу үшін оригинаторға төлеген сомасынан кем болғаны үшін арнайы қаржы компаниясының алдында жауаптылықта болмайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы