Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
Талапкер А.Ж.Т-бетов өндірісте денсаулығының зақымдануы нәтижесінде анықталған еңбекқабілеттілікті жоғалту бойынша жауапкерлер «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не және ««БТА Өмір» БТА Банктың өмірді сақтандыру бойынша еншілес Компаниясы» АҚ-на қарсы еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зардап үшін 2015 жылдың 19 мамыр айынан 19 тамыз аралығында кезеңге 134 864 теңге зардапты ортақ өндіру туралы және жауапкерлерге 2015 жылдың 19 мамырынан 2016 жылдың 19 мамырына дейін, одан әрі қайталанған уақытта куәландырып кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту дәрежесі 29% болатын кәсіби ауруынан туындаған зардапты өндіруді міндеттеу туралы талап арызымен сотқа жүгінген. Бастапқы 2015 жылға 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 991 000 теңге түрінде бір жолғы сақтандыру төлемақысын өндіру туралы талабын қараусыз қалдыруды сұраған.
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының 03 қыркүйек 2015 жылғы ұйғарымымен А.Ж.Т-бетовтың 2015 жылға 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 991 000 теңге түрінде бір жолғы сақтандыру төлемақысын өндіру туралы талабы қараусыз қалдырылды.
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының 03 қыркүйек 2015 жылғы шешімімен талап жартылай қанағаттандырылған. Жауапкер «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нен А.Ж.Турмагамбетовтың пайдасына 2015 жылдың 19 мамыр айынан 19 тамыз аралығында жоғалтылған еңбекақысын өтеу есебіне ақшалай соммада 134 864 теңге өндірілген. Сот жауапкер «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не А.Ж.Т-бетовтың пайдасына жоғалтылған еңбекақы төлемі есебіне айсайын 2015 жылдың 19 мамырынан 2016 жылдың 19 мамырына дейін, одан әрі қайталанған уақытта куәландырып төлеуді міндеттеді. ««БТА Өмір» БТА Банктың өмірді сақтандыру бойынша еншілес Компаниясы» АҚ-нан сақтандыру төлемақысын өндіру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Апелляциялық шағымда жауапкер «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШСның өкілі Д.Ш.Б-ева сот шешімімен келіспей, келесідей негіздеді, 2015 жылдың 12 наурызындағы жазатайым оқиға туралы №27 актіге сәйкес А.Ж.Т-бетовке қатысты жазатайым оқиға 28 маусым 2013 жылы болған. Сондықтан талапкерге 28 желтоқсан 2012 жылдан 28 желтоқсан 2013 жылға дейін әрекет еткен № Д1210-190931-016540 сақтандыру келісімі таралады. Мұндай жағдайларда А.Ж.Т-бетовке қатысты сақтандыру төлемақысы міндетті сақтандыру келісімі жасалған сақтандырушымен жүзеге асырылуы керек, себебі оның әрекет ету кезеңінде талапкердің кәсіби ауруы анықталған. А.Ж.Т-бетовтың пайдасына жауапкер «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нен кәсіби аурумен келтірілген зардапты өндіру және денсаулықтың зақымдануымен туындаған сақтандыру төлемақысын өндіру туралы сот шешімін өзгертіп, қанағаттандырусыз қалдыруды, талаптағы сомманы жауапкер ««БТА Өмір» БТА Банктың өмірді сақтандыру бойынша еншілес Компаниясы» АҚ-нан өндіруді сұраған.
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасында қарау кезінде анықталғаны, 28 маусым 2013 жылғы кәсіби ауру туралы №217 қорытындыға сәйкес талапкер А.Ж.Т-бетовте «Шаңдық этилогиядан созылмалы обструктивті бронхит, ремиссия фазасы. Өкпенің эмфиземасы. Тыныс алудың жеткіліксіздігі 0 (нөл) дәрежесі » алғашқы рет анықталған. Ауру кәсіби, бастапқы.
10 қыркүйек 2014 жылғы профпатологиялық сараптамалық комиссияның №170 қорытындысына сәйкес талапкер А.Ж.Т-бетовте «Шаңдық этилогиядан созылмалы обструктивті бронхит, ремиссия фазасы. Өкпенің эмфиземасы» ерте кәсіби ауру екені расталды. Бірақ тыныс алу жеткіліксіздігі 1 (бірінші) кезеңде анықталды. Шаң, газ, суық тигізу және физикалық суық тигізу шарттарында еңбек ету қарама қайшы көрсетілген. Науқас жоғалтылған кәсіби еңбекқабілеттілігін анықтау үшін МӘСК жолданған.
2013-2014 жылдарда кәсіби аурудың анықталғандығына қарамастан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның жұмыс берушісімен кәсіби ауру туралы акт тек 2015 жылдың 12 наурызында жасалынған, ол жерде жұмыс берушінің кінәсі -100%, жұмыскердікі-0 % деп анықталған. Жұмыс берушімен жазатайым оқиғаның күні 28 маусым 2013 жыл деп, яғни А.Ж.Т-бетовте алғаш кәсіби ауру анықталған күн көрсетілген.
27 сәуір 2015 жылғы №311-V «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2 тармағына сәйкес (күшіне 10 мамыр 2015 жыл енген) кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.
Апелляциялық шағымдағы А.Ж.Т-бетовпен болған жазатайым оқиғаның күні 28 маусым 2013 жыл деп көрсетілу керек деген уәждер негізсіз деп танылады, себебі 28 маусым 2013 жылы жұмыс берушіге еңбекқабілеттілігінің жоғалуын туғызбайтын тыныс алу жолдарының нөлдік жеткіліксіздігі көрсетілген кәсіби ауру туралы хабарлама ғана жолданған
«Еңбек тазалығы және кәсіби аурулардың ұлттық орталығы» ӨМКМ, яғни кәсіби патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулықсақтау ұйымымен 10 қыркүйек 2014 жылы қорытынды жасалған. Осы күнді «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 2 тармағының нормасына сәйкес жазатайым оқиғасының күні деп есептеу керек. Істе дәлел ретінде өзге қорытынды болмаған.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 365-бабының 3 тармағына сәйкес, материалдық құқық нормалары, егер сот заңды дұрыс түсіндірмесе бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі. Бірінші инстанциялы сот жазатайым оқиғасының күні 19 мамыр 2015 жыл деп заңды дұрыс түсіндірмеген.
Істегі Қарағанды қаласының МӘС №6 анықтамасына сәйкес А.Ж.Т-бетовтың кәсіби еңбекқабілеттілігін 29% жоғалтуы 19 мамыр 2015 жыл деп, яғни 27 сәуір 2015 жылғы №311-V «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы өзгерістердің 10 мамыр 2015 жылы заңды күшіне енгеннен кейін анықталған.
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциясында 19-бабының 1-бөлігіндегі 2- абзацқа сәйкес өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 164-бабының 4- бөлігіне сәйкес қызметкерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiмен байланысты зиян келтірілген кезде жұмыс беруші қызметкерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.
2015 жылғы 27 сәуірдегі № 311-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 5-тармағына сәйкес Заң нормалары еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде болған жазатайым оқиғадан жұмыскерді міндетті сақтандыру бөлігінде, егер жұмыскердің кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту дәрежесі белгіленгенде не ұзартылғанда осы Заң күшіне енгеннен кейін туындаған болса таратылады.
А.Ж.Т-бетовтың кәсіби еңбекқабілеттілігінің жоғалтуы 27 сәуір 2015 жылы № 311-V «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгеннен кейін пайда болды. Зақымданғанның кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту дәрежесі жиырма бес пайыздан аспайтындықтан, жұмыскер А.Ж.Т-бетовте денсаулыққа келтірілген зақымданумен байланысты жоғалтылған еңбекақымен шығындарды өндіру құқығы туындап, ал сақтандыру төлемақысын алу құқығы туындамаған.
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциясында 19-бабының 1-бөлігіндегі абзацқа сәйкес өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.
Сонымен қатар 10 қыркүйек 2014 жыл А.Ж.Т-бетовпен болған жазатайым оқиға күнінің құқықтық маңызы жоқ, себебі зан шығарушы денсаулығының зақымдануымен туындаған жоғалған еңбекақымен шығындарды төлеу құқығын не зақымданушының кәсіби еңбекқабілеттілігінің дәрежесіне байланысты зардапты өндіру түрінде жұмыскерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемақы құқығымен байланыстырады, бірақ ол жазатайым оқиғаның пайда болу күніне байланысты емес. Апелляциялық шағымда бұл екі құқықтық түсінік ажыратылмайды.
Сондықтан, А.Ж.Т-бетовтың жиырма бес пайызға дейін кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту дәрежесі бойынша денсаулығының зақымдануынан туындаған жоғалған еңбекақыны және шығындарды өндіруге сақтандырушы болып табылатын ««БТА Өмір» БТА Банктың өмірді сақтандыру бойынша еншілес Компаниясы» АҚ емес, сақтанушы болып табылатын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның жұмыс берушісі міндетті.
Қазақстан Республикасының 364-бабы 2-бөлігіне сәйкес маңызы бойынша соттың дұрыс шешімі бір ғана формальды негіз бойынша бұзылуы мүмкін емес.
Көрсетілген жағдайлар негізінде, бірінші инстанциялы сотпен жазатайым оқиғаның күні дұрыс анықталмаса да, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не қарсы берілген талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы және сақтандырушы «БТА Өмір» БТА Банктың өмірді сақтандыру бойынша еншілес Компаниясы» АҚ-на қарсы берілген талаптарды қанағаттандырусыз қалдыру туралы дұрыс қорытынды жасалған.
Айтылғандар негізінде жауапкер «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШСнен талапкердің пайдасына негізді түрде 19 мамыр 2015 жылдан 19 шілде 2015 жылға дейінгі кезеңге 134 864 тенге өндіріліп, ай сайынғы зардапты өндіру соммасы 67 432 (бұл бір айлық орташа еңбекақының 232 525 теңгенің 29%) теңгеден, одан әрі қайталанған уақытта куәландырып 19 мамыр 2016 жылға дейін төлемақыны өндіру міндеті жүктелді.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 116-бабына сәйкес сотпен негізді түрде сот шығындары бөлінді. Мұндай жағдайда, апелляциялық шағымда жаңа дәлелдер келтірілмегендіктен, апелляциялық сот алқасы шағымдалған сот актісіне өзгертулер енгізу немесе бұзуға ҚР АІЖК-нің 364-367 баптарында көзделген негіздер жоқ деген тұжырымға келіп, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі келтірген материалдық, моральдық зиянды өндіру және жұмысқа қайта орналастыру
61 рет жүктеп алынды -
6AE9~1
64 рет жүктеп алынды