Алимент өндіру туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 % артық ұстап қалуға болмайды Талап қоюшы С. жауапкер Н.-дан алимент өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгініп, онда жоғарғы оқу орнында оқуын бітіргенге дейін, яғни 2021 жылғы 1 маусымға дейін өзінің әкесі Н.-дан 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған. Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының 2018 жылғы 6 маусымдағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Жауапкер Н.-дан барлық табысынан 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде талап қоюшы С.-ның пайдасына 2021 жылғы 1 маусымға дейін алимент өндірілген. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Өтінішхатта Н. сот актілерімен келіспей, материалдық жағынан қиыншылықтар болып тұрғанын көрсетіп, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, алимент мөлшерін азайту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Сот алқасы іс бойынша жауапкердің өтінішхатты қолдаған түсінігін, іс құжаттарын зерделеп, өтінішхатта дауланған сот актілері төмендегі негіздерге байланысты өзгертілуге жатады деген тұжырымға келді. Іс құжаттарына қарағанда, жауапкер Н. талап қоюшы С.-ның әкесі болып табылады.
Алимент өндіру туралы
С. талап қою арызында, өзінің жоғарғы оқу орнында оқуына байланысты, әкесі Н.-дан оқуын бітіргенше, яғни 2021 жылғы 1 маусымға дейін оның барлық табысынан 25 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді соттан талап еткен. Бірінші сатыдағы сот Н.-ның мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерінен 25 %, яғни 10 АЕК мөлшерінде С.-ның пайдасына алимент өндірген. Осы шешіммен апелляциялық сатыдағы сот келіскен. Алайда, жергілікті соттардың мұндай тұжырымы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Іс материалдарынан анықталғандай, Н.-ның еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 75 % құраған, 2020 жылғы 19 ақпанға дейін оның мүгедектігі ұзартылған. Қазіргі уақытта Н. өзінің II топтағы мүгедек ретінде 54 900 теңге алатынын, оның жартысы алимент өндіру үшін ұсталынатынын, алимент өндіруден қалған қаражаттарын дәрі-дәрмегіне, күнделікті күн көрісіне, азық-түлік және басқа да шығындарына жеткізе алмайтынын көрсеткен. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 % артық ұстап қалуға болмайды.
Жергілікті соттар Н.-ның мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерінен 25 % артық, яғни 10 АЕК мөлшерінде С.-ның пайдасына 2021 жылғы 1 маусымға дейін алимент өндірген. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 138-бабының 2-тармағына сәйкес егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Алайда, талап қоюшы С. 2021 жылғы 28 ақпанда 21 жасқа келеді. Істің мұндай тұрғысында жергілікті соттардың тұжырымдары істің мән - жайларына және материалдық құқық нормаларына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы жергілікті сот актілерін өзгертіп, яғни сот актілерінің Н.-дан барлық оның табысынан 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде С.-ның пайдасына 2021 жылғы 1 маусымға дейін алимент өндіру жөніндегі бөлігінің күшін жойып, осы бөлігінде мерзімі - 2021 жылғы 28 ақпанға дейін алимент мөлшерін 5 (бес) айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы жаңа шешім қабылдады. Сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылып, жауапкер Н.-ның өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.
Внимание!
Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши адвокаты готовы оказать вам помощь в юридической консультации, составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела
Скачать документ
-
Алимент өндіру туралы
154 скачиваний -
Алимент өндіру туралы
122 скачиваний