⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Атқарушылық санкция (кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту) өндіру туралы

Атқарушылық санкция (кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту) өндіру туралы

Атқарушылық санкция (кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту) өндіру туралы

Атқарушылық санкция (кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту) өндіру туралы

              Атқарушылық санкция өндірудің басты міндеті - атқару құжатын өз еркімен орындамаған борышкердің мүліктік жауапкершілігінің дербес түрінде мемлекеттік бюджетті толықтыру ғана емес, сонымен қатар, ол - борышкерлердің сот актісін өз еркімен орындауына бағытталған, қосымша сот шығындарын болдырмас үшін және өндірушілердің құқығының  қорғалуын қамтамасыз ететін, атқару өндірісін жүргізетін органның қызметін оңайлататын, атқарушылық іс жүргізудің тиімділігі мен жалпы сот билігінің абыройын арттыратын іс-шара болып табылады.

              Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңның 124-бабына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының мөлшерiнде және заңды тұлғалардан есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады.

Борышкер бас тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады.

Атқарушылық санкциясы, егер:

1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса; 2) атқарушылық құжат бойынша өндірілген сомадан пайызы мөлшерінде өндірілуге тиісті атқарушылық санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса;

3) борышкер мемлекет болып табылса, өндірілмейді.

Атқарушылық санкциясы республикалық бюджетке аударылады.

Борышкер атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын дауға салу туралы арызбен, оны өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босату туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында көрсетілгендей, заңның 124-бабында борышкерден атқарушылық санкцияны өндіру мүмкіндігі көзделген.

Егер мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының ... пайызы мөлшерiнде немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан ... айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғалардан ... айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынса және борышкер осындай әрекеттерді жасаудан бас тартса, осылай өндіріп алуға болады.

Атқару санкциясы атқару құжатын өз еркімен орындамаған борышкердің мүліктік жауапкершілігінің дербес түрі болып табылады. Толық мәжбүрлеп орындату деп атқару құжаты сот орындаушысының өндірісінде болған кезеңде, Заңның 37-бабының тәртібі бойынша өз еркімен орындау үшін сот орындаушысы борышкерге белгілеген мерзімді қоспағанда, атқару құжатының толық көлемде мәжбүрлеп орындалуы деп түсінген жөн. Осыны негізге ала отырып, сот орындаушысының

 Заңның 32- 3 бабында аталған атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау туралы әрекеті, сондай-ақ аталған және тыйым салынған мүліктерді сату бойынша қабылданған шаралар, борышкердің еңбекақысы мен басқа да табыстарынан, басқа тұлғалардың қолындағы мүлкінен өндіріп алу мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ретінде бағалануға тиіс.

Борышкерден атқарушылық санкцияны өндіру сот орындаушысының атқарушылық құжат болып табылатын қаулысы негізінде жүзеге асырылады, қаулы ҚР ӘРПК АПК-нің бабында көзделген тәртіппен сотта шағымдалуы мүмкін.

Атқарушылық санкция өндіру туралы қаулыға шағым келтіру

Арыз беруші «Иврус» ЖШС-і сотқа жолдаған арызында Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің сот орындаушысы мен жеке сот орындаушысы К.-нің әрекетіне шағым келтіріп, сот орындаушылардың атқарушылық санкция өндіру туралы қаулыларын, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді бекіту туралы жеке сот орындаушының қаулысын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Арызда қойылған талаптар келесі мән-жайларға негізделген: 21.10.2016ж. Ақтөбе қаласы бойынша жеке тұлғалардан ақша өндіру бөлімінің сот орындаушысы А. «Иврус» ЖШС-і нен республикалық бюджеттің пайдасына 1 268 620 теңге мөлшерінде атқарушылық санкция өндіру туралы қаулы шығарған. 21.10.2016ж. жеке сот орындаушысы К. жеке сот орындаушысының қызметіне 76 117 еңге мөлшерінде ақы төлеуді бекіту туралы қаулы шығарған.

«Иврус» ЖШС-і жоғарыда келтірілген қаулылармен келіспейді және оның пайымдауынша сот актісі сот орындаушыларының қатысуынсыз, ерікті түрде орындалды. Сондықтан қаулыларды заңсыз деп тануды, олардың күшін жоюды сұрайды.

Ақтөбе қалалық сотының 2016 жылғы 24 қарашадағы шешімімен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 18 қаңтардағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Соттар, арыздағы талаптарды келесі негіздер бойынша қанағаттандырудан бас тартқан. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылғы 23 маусымдағы шешімімен «Ақмола облыстық аумақтық орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы» РМК-нің талабы ішінара қанағаттандырылған, «Иврус» ЖШСінен мемлекет пайдасына 12 686 200 тенге, жергілікті бюджет пайдасына 380 586 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

АПК, ҚР ӘРПК-нің талабына сай, Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2016 жылғы 07 қыркүйекте «Иврус» ЖШС-інен мемлекет пайдасына 12 686 200 тенге өндіру туралы атқару парағы жазылып, сол күні әділет департаментіне орындауға жолданған. Атқару парағы негізінде мемлекеттік сот орындаушысы Б. 2016 жылғы 14 қыркүйекте «Иврус» ЖШС-інен мемлекет пайдасына 12 686 200 тенге өндіру туралы атқару өндірісін қозғаған.

«Иврус» ЖШС-нің өкілі сот шешімі бойынша мемлекет пайдасына ақша өндіру үшін қажетті банкілік есеп-шот реквизиттерін сұрап Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тек 2016 жылғы 15 қыркүйекте, яғни, сотпен атқару парағы жазылып, орындауға жолданғаннан кейін, сондай-ақ, сот орындаушымен атқару өндірісі қозғалып, атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаннан кейін арыз жолдаған.

Сотпен анықталғандай, «Иврус» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 12 686 200 тенге өндіру туралы 2016 жылғы 23 маусымдағы сот шешімі борышкермен 2016 жылғы 11 қазанда орындалған, яғни атқару өндірісі қозғалғаннан кейін және атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаннан кейін орындалған.

Сот орындаушы А.-мен 21.10.2016ж. «Иврус» ЖШС-і нен республикалық бюджеттің пайдасына 1 268 620 теңге мөлшерінде атқарушылық санкция өндіру туралы қаулы шығарылған.

 Мұндай жағдайда, алқа, бірінші сатыдағы соттың борышкер сот шешімін ерікті түрде орындамаған және мемлекеттік сот орындаушысының «Иврус» ЖШС-і нен республикалық бюджеттің пайдасына 1 268 620 теңге мөлшерінде атқарушылық санкция өндіру туралы қаулы шығару кезіндегі әрекеті заңды деген тұжырымымен келісті.

Арыз берушінің атқарушылық санкциясының мерзімін ұзарту арызы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабының талабы бұзылып қаралған.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңының 124-бабының, 3бөлігіне сай борышкер атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын дауға салу туралы арызбен, оны өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босату туралы талапарызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Осы заң нормасының түсінігіне келетін болсақ атқарушылық санкцияның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босату және өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы арыз борышкердің арызы бойынша жауапкер ретінде сот орындаушының қатысуымен талап арыз өндірісімен қаралады.

Алайда, атқарушылық санкциясын кейінгі қалдыру арызы сотпен ҚР ӘРПК АПК– нің бабымен сот шешімін кейінгі қалдыру туралы арызымен, талап арыз өндірісін қозғамай жауапкерді тартпай қаралған. Арыз беруші В. сотқа 236 050 тенге көлеміндегі атқарушылық санкциясын мерзімін ұзарту туралы арызбен жүгінген.

Арыздың мазмұнында В-дан В-ның пайдасына ортақ мүліктің үлесі 2360500 тенгені өндіру туралы атқарушылық өндіріс бойынша, В-дан атқарушылық санкция өндіру туралы атқарушылық өндіріс қозғалған.

Арыз беруші, сот шешімін орындау үшін, банктен екі кредит және таныстарынан қарызға ақша алуға мәжбүр болғанын негіздеп, атқарушылық санкцияның орындалуын кейінге қалдыруды сұраған.

Сонымен қатар, бірінші жұбайы өндірісте қайтыс болғанын, ал екінші жолдасы және баласының әкесі мұнымен некесін бұзғанын, материалдық көмек көрсетпейтіндігіне байланысты, соттан атқарушылық санкцияны 10 000 тенгеден төлеп тұруға мүмкіндік беруді сұрайды.

Сот арыз берушінің материалдық жағдайын ескере отырып, Қарағанды облысы, Теміртау қалалық сотының 2016 жылғы 3 қазандағы ұйғарымымен «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40,124-баптарына сай, ҚР ӘРПК АПК-нің   бабына сай, атқарушылық санкция өндіру мерзімін 23 ай мерзімге ай сайын 10 000 теңгеден бөліп орындау үшін кейінге қалдырған.

Осыған байланысты, арыз берушінің атқарушылық санкциясының мерзімін ұзарту арызы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабының талабы бұзылып қаралған.

Борышкерден атқарушылық санкциясын өндіру, Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңның 124-бабымен көзделген.

Атқарушылық санкция сот орындаушының қаулысы негізінде өндірілуге жатады. Атқарушылық санкция, мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынған, ал борышкер оны төлеуден бас тартқан жағдайда, өндіріледі.

Мұндай жағдайда, сотқа атқарушылық санкция өндіру туралы талап қоюға жатпайды, өйткені Заңның 1-бабының 8) тармағының талабына сай, сот орындакшының атқарушылық санкция өндру туралы қаулысы атқару құжаты болып табылады.

Заңның 124-бабының 3-тармағына сай, борышкердің арызы негізінде атқарушылық санкцияның мөлшері азайтылуға немесе борышкер атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босатылуы мүмкін. Атқарушылық санкциясын өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту үшін сотқа арыз жолдаған кездегі жойылмайтын мәнжайлар негіз болуы мүмкін.

Атқарушылық санкциясын өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту мәселесін шешу кезінде, соттар борышкердің мүліктік жағдайын және тараптар назарға алуға жататын мән-жайларды ескеруі тиіс.

Аталған санаттағы істерді қарау барысында қолданылатын негізгі нормативтік құқықтық актілер ретінде

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі,

ҚР ӘРПК

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 2 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолданылуының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы болып табылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы