Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекет активтерін басқару жөніндегі мемлекеттік аудитке дау айту жаулы
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерін пайдаланғаны үшін ашықтықты, тиімділікті, жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу МАжҚБ туралы Заңмен, Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарымен, Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарымен және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларымен регламенттелген.
Мемлекеттік аудит Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі) негізінде жүргізіледі.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит жүргізілген объектілердің әрқайсысына мыналар ресімделеді:
1) аудиторлық есеп – осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат;
2) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп – осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс шараны тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтығы, сондай-ақ, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысанда білдірілген пікірді қамтитын құжат (Қағидалардың 115-тармағы).
Анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер Аудиторлық есептегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларының деректемелеріне қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады.
Бұзушылықтар ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптары, тармақтары мен тармақшалары, сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілерінің оларды іске асыру үшін қабылдаған актілері көрсетіле отырып сипатталады (Қағидалардың 117-тармағы).
Әрбір бұзушылықтың фактісі, сондай-ақ, заңнамадағы анықталған кемшіліктер мен олқылықтар нӛмірленеді және бұзушылықтың сипаты мен түрін сипаттайтын, оның ішінде Есеп комитетінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышында кӛзделген жеке тармақта жазылады.
Бұзушылықтар сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Аудиторлық есепке мынадай аудиторлық дәлелдемелер қоса беріледі: жүйелі кемшіліктер кестесі, аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі, құжаттардың тӛлнұсқалары немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған кӛшірмелері, бұзушылық фактілерін кӛрсететін анықтамалар, фотосуреттер; жол берілген бұзушылықтар бойынша адамдардың жазбаша түсініктемелері; бақылау ӛлшемдері (тексеріп қараулар) актілері; зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, құжаттар немесе олардың кӛшірмелері; сарапшылардың қорытындылары (олар жасалған жағдайда) және басқалар.
Аудиторлық есепке тиісті құжаттармен расталмаған фактілерді, түйіндерді енгізуге жол берілмейді. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша Аудиторлық есеп жасалады және аудиторлық іс-шара шеңберінде соңғы аудит объектісінде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде аудит объектісіне жіберіледі.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелерімен келіспеген кезде мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы қол қойылған Аудиторлық есеп объектіге жіберілген күннен бастап, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықтар жіберуге құқылы. Есеп комитетіне (Тексеру комиссиясына) келіп түскен Аудиторлық есепке мұндай қарсылықтар МАжҚБ туралы Заңның 11-1-тарауына сәйкес Аудиторлық қорытындыны дайындау кезеңінде қаралады.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша түйіндер мен ұсынымдарды қамтитын Аудиторлық есептердің негізінде жасалатын және Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) қаулысымен бекітілетін құжат болып табылатын Аудиторлық қорытынды ресімделеді. Қаулы мыналарды:
1) жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша дайындалған Аудиторлық қорытындыны бекіту туралы шешімді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органына және (немесе) тиісті мәслихатқа, консультативтік-кеңесші органға Аудиторлық қорытындыны немесе одан үзіндіні беру туралы шешімді;
3) материалдарды құқық қорғау органдарына жіберу туралы шешімді;
4) Нұсқамаларды жіберу туралы шешімді қамтиды.
Тексеру комиссиясының жүргізілген аудит нәтижелері бойынша шығарған нұсқамаларына негізінен сот тәртібімен дау айтылды. МАжҚБ туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару болып табылады.
Демек, нұсқама аудит объектісі үшін қолайсыз сипаттағы әкімшілік акт болып табылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» ҚММ мен мердігер «А-БД» ЖШС арасында жергілікті бюджет қаражатының есебінен жалпы сомасы 30 724 963 теңге болатын тұрғын үйді ағымдағы жӛндеу бойынша құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ Тұрғын үй қорының қызметінде тұрғын үй саласындағы бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізген.
Аудит нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге 2021 жылғы 23 желтоқсандағы нұсқама енгізіліп – 2022 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде мердігер ұйымдарға күтпеген жұмыстар мен шығындар үшін негізсіз төлемді, қысқы уақыттағы шығыстарды, құрылыс материалының құнына сметалық пайда – 3 339,8 мың теңгені жергілікті бюджет кірісіне ӛтеуді тапсырған.
Мердігер осы нұсқамаға дау айтқан. Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан және тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының бірі – мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын Аудиттің түйіндері бойынша Тапсырыс беруші реконструкциялау немесе күрделі жөндеу бойынша құрылыс нормативтерін негізсіз қолданған және шығыстарды негізсіз есептеген.
Ағымдағы жӛндеуді жүргізу кезінде шығыстар нақты нарықтық құн негізінде есептелетін 1.04-26-2011 ҚР ҚН басшылыққа алу қажет еді. Жұмыстың осы түрі кезінде міндетті түрде ЖСҚ жасау қажет.
Осыған байланысты Тұрғын үй қоры тапсырыс беруші тарапынан жұмыстардың құнын төлеуді негізсіз қабылдаған.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі
МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.
Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.
Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.
Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.
ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.
Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.
№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.
Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.
СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.
Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.
Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.
Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.
Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);
- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);
- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;
- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері.
ҚЫСҚАРТУЛАР
әкімакт – әкімшілік акт
МСА – мемлекеттік сатып алулар;
ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы