13-бап. Зерттеу университеті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы
1. Зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендіруге қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы болып табылады.
2. Зерттеу университетінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен білім беру процесін интеграциялау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендіру жөніндегі қызмет.
3. Зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының стандарттарын өз бетінше әзірлейді және іске асырады. Білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарына және оларды меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарда белгіленетін тиісті бағдарламаларынан төмен бола алмайды.
4. Зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау кезінде бейіндік бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге құқылы.
Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы