Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы 

      1. Тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі, сондай-ақ тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі қызметтерді газ тасымалдау ұйымдары көрсетеді. 

      2. Бір ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екі және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салынады. 

      3. Газ тасымалдау ұйымдары тек қана: 

      1) ұлттық операторға; 

      2) тауарлық газды өндірушілерге; 

      3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға; 

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға ниет білдірген оның иелеріне тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы. 

      4. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары: 

      1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, тауарлық газ иелеріне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсынуға; 

      2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсынуға; 

      3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етуге міндетті. 

      5. Газ тасымалдау ұйымы: 

      1) тауарлық газ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеген; 

      2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгінгенге дейін бір ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін иеліктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, тауарлық газ иесінің тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тартуға міндетті. 

      6. Газ тасымалдау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында және тауарлық газды тасымалдау және сақтау жөніндегі қызметтерді ұсыну шартында көзделген тәртіппен тауарлық газды тасымалдаудан және сақтаудан негізсіз бас тартқаны үшін жауапты болады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы. 

          Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

197-бап. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

197-бап. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу ҚР ҚК, Қылмыстық к...

Толық оқу »

233-1-бап. Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу

233-1-бап. Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу 1.Айтарлықтай мөл...

Толық оқу »

13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау Бал ара шаруашылығы туралы Заңы   ...

Толық оқу »

16-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

16-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Ядролық материалдарды, радиоактивті затт...

Толық оқу »

27-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

27-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 1.Радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәк...

Толық оқу »

552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе олар...

Толық оқу »

552-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік қағидаларын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билік ету

552-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік қағидаларын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын...

Толық оқу »