Лауазымды нұсқаулық
Кеңсе меңгерушісі
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
кеңсенің жұмысын ұйымдастырады;
келетін және жөнелтілетін хат-хабардың уақтылы өңделуін, оның тиісті жеткізілуін қамтамасыз етеді;
құжаттардың орындалу мерзімдеріне және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;
ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, оның ішінде істерді құрастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықты, бұйрықтарды және өкімдерді тіркеу, есебін жүргізу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
ұйымда іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды даярлайды және олардың енгізілуін ұйымдастырады;
іс жүргізу қызметінің жұмыскерлерін қажетті нұсқау және анықтамалық материалдармен, сондай-ақ инвентарьмен, жабдықпен, ұйымдастыру техникасымен, басшылық жұмыстың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;
бөлімшелердегі іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты, істердің дұрыс құрастырылуына, сақталуына және архивке уақтылы тапсырылуына бақылауды, құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуы туралы анықтамаларды дайындауды жүзеге асырады;
қызметтік құжаттардың басылуын және көшірмелерін түсіруді қамтамасыз етеді;
басшылықтың шақыруымен өткізілетін мәжілістерді дайындауға қатысады және оларға техникалық қызмет көрсетуді, іссапар құжаттарын ресімдеуді, іссапарға келген жұмыскерлерді тіркеуді ұйымдастырады;
кеңсе жұмыскерлерін басқарады.
Білуге тиіс:
іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
іс жүргізу жүйесі, ұйымдық-өкімдік құжаттама бірегей жүйесінің стандарттары, ұйымның құрылымы, іс жүргізуді ұйымдастыру, құжат айналымының схемалары;
істердің номенклатурасы, тұрақты және уақытша сақталатын істердің тізбесі, белгіленген есептілікті даярлау тәртібі, істерді архивке тапсыру мерзімдері және тәртібі;
ұйымдастыру техникасы мен басшылық еңбектің өзге де техникалық құралдары;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және іс жүргізу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
1 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
1 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
-
006 Еңбек шарты Трудовой договор
1 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
-
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
-
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
2 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
1 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
1 рет жүктеп алынды