Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық соттың нормативтік қаулылары / Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік қаулысы.

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік қаулысы.

  •        Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "300", "297", "298" деген цифрлар тиісінше "351", "347", "348" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау кезінде сот тәжірибесінде туындаған мәселелерге байланысты және осы санаттағы істер бойынша заңнаманы дұрыс әрі біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

  •       қаулы етеді:

  •       Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       ҚК-нің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір салдарлардың басталуы талап етілмейді.

  •       ҚК-нің 346-бабының екінші бөлігі бойынша жауаптылық абайсызда бөгде көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіру, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіру түріндегі салдарлар болған кезде басталады.

  •       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •       1-1. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болу фактісі ҚК-нің 345-1-бабында көзделген іс-әрекеттердің міндетті белгісі болып табылады.

  •       Іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабының тиісті бөлігі бойынша саралау үшін екі мән-жайдың: 1) адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуы; 2) адамның осы іс-әрекетті жасағанға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылу фактісінің болуы анықталуға тиіс. Көрсетілген мән-жайлардың ең болмағанда біреуінің болуы іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабы бойынша саралауды жоққа шығарады.

  •       Ескерту. Нормативтік қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        "Жол жүрісі туралы" Заңның 1-бабының 38) және 41) тармақшаларына және Жол жүрісі қағидаларының 1-бөлімі 2-тармағының 46) тармақшасына сәйкес, цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы – мопед механикалық көлік құралдарына жатпайды. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі.

  •        Жолаушы, жаяу жүргінші немесе жол жүрісінің басқа қатысушысы, сондай-ақ механикалық көлік құралдарына жатпайтын көлік құралдарын басқаратын адам, егер ол жол берген жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе бір не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырса, ҚК-нің 351-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылықта болады.

  •       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        Әскери қызметші өзге де көлік құралдарын жүргізу немесе оларды пайдалану кезінде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚК-нің 345, 346-баптарының тиісті бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

  •       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Орын алған қоғамдық қауіпті зардаптармен себептік байланысы жоқ жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (мысалы, жүргізушіде жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші куәлігінің болмауы) аталған қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағын құрай алмайды және айыптаудан алынып тасталуға тиіс.

  •       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Осы мақсатта қайсысының әрекеті басқа жүргізушілерге қозғалыс үшін кедергі жасағанын немесе қауіп төндіргенін, соңғылары басқа көлік құралымен немесе оның жолындағы өзге де кедергімен соқтығысуды немесе оны басып кетуді болдырмаудың техникалық мүмкіндіктерінің болғандығын анықтау, сондай-ақ жүргізушінің көлік құралының қозғалысын тұрақты бақылау мүмкiндiгін қамтамасыз ететін жылдамдықты таңдауын міндеттейтін Жол қозғалысы ережелерінің 10-бөлімнің 1-тармағын сақтағандығына да назар аудару керек.

  •        Егер жол-көлік оқиғасы кезінде туындаған зиянды зардап бірнеше адамдардың бірлескен әрекетінің салдарынан болып табылса, бірақ олардың ішінде ҚК-нің 345, 346-баптарында көрсетілген көлік құралдарын жүргізушілер ғана емес, басқалары да (мысалы, жаяу адамдар, велосипедшілер және т.б.) болса, онда көлік құралын жүргізген адамдарға ҚК-нің 345, 346-баптары қолданылады, ал басқа адамдардың заңсыз әрекеттері ҚК-нің 351-бабы бойынша саралауға жатады.

  •       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Автотехникалық сараптама тек арнайы техникалық мәселелерді шешеді. Оның сараптамалық зерттеу объектісі ретінде көлік құралын жүргізушінің және жол қозғалысына басқа да қатысушылардың нақты көрінген әрекеттерімен байланысты мән-жайлар да болуы мүмкін.

  •        Сот үкім шығара отырып, сарапшыға ұсынылған, есеп айырысу жүргізілген бастапқы деректердің қайсысы нанымды деп танылғанын көрсетуге және сараптамалық қорытындыға баға беруге міндетті. Бұл ретте сарапшының қорытындысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 25-бабының екінші бөлігінің талаптарына байланысты басқа дәлелдердің алдында басымдыққа ие емес, іс бойынша зерттелген басқа да дәлелдермен талдауға, салыстыруға және жинақталып бағалауға жатады.

  •       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        Егер көлік құралын жүргізген адам жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу кезінде бір мезгілде абайсызда бір немесе бірнеше адамның денсаулығына зиян келтірсе, сондай-ақ бір немесе бірнеше адамның өліміне әкелсе, онда әрекет тұтастай тиісінше аса ауыр зардаптың туындауын көздейтін ҚК-нің 345, 346-баптарының тиісті бөлігі бойынша саралануға жатады. Бұл ретте, осы әрекетпен келтірілген онша ауыр емес зардаптар айыптау актісін жасау кезінде және үкімде көрсетілуі тиіс.

  •       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        ҚК-нің 347-бабының ескертуіне сәйкес жәбірленушіге көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

  •        Адам жол-көлік оқиғасы болған жерде өз күшімен жәбірленушіге көмек көрсете алмайтын кезде полиция органдарына болған оқиға туралы хабарлау мақсатында жол-көлік оқиғасы болған жерден кеткенде де ҚК-нің 347-бабы бойынша жауапкершілік көтере алмайды.

  •       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Зақымдалған көлік құралдарының және жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген технологиялық ережелер мен сапа нормативтерінен ауытқу арқылы орындау сапасыз жөндеуді білдіреді.

  •       Көлік құралдарын техникалық ақауларымен пайдалануға шығару деп уәкілетті тұлғаның техникалық ақауы бар, жол қозғалысына немесе көлік құралын пайдалануға қауіп төндіретін (мысалы, тежегіш жүйесінің, рульмен басқарудың, дөңгелектерді бекіткіштің, бақылау аспаптарының, автоматиканың және тағы басқалардың ақаулары) көлік құралын нысанасы бойынша пайдалануға рұқсат беруін түсіну керек.

  •       Көлік құралын жөндеуге және оларды техникалық жарамды күйінде пайдалануға шығаруға байланысты мәселелер арнайы білімді талап ететіндігін ескере отырып, істі дұрыс шешу үшін сараптамалар, соның ішінде автотехникалық сараптамаларды жүргізу қажет.

  •       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Лауазымды адамның, көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол беру бойынша әрекеттері, егер бұл іс-әрекет абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге не бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соқса, ҚК-нің 349-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға жатады.

  •       Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        Егер рақымшылық жасау актісі тек негізгі жазадан босатуды көздесе және қосымша жазаны қолдануды жоймаса, онда сот адамды ҚК-нің 345, 346-баптарында, 348-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 349-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тану кезінде кінәлі адамды негізгі жазадан босатып және оған белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу түрінде қосымша жаза тағайындап, айыптау үкімін шығарады.

  •       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       16-1. Көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жол көлік оқиғасы объектісі болып табылатын автокөлік құралы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруына немесе құралына жатқызылуы тиіс емес екенін және осы негіз бойынша мемлекет кірісіне тәркіленуге жатпайтынын соттардың ескергені жөн.

  •       Ескерту. Нормативтік қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        Соттар жазаны тағайындаған кезде ҚК-нің 346-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әрекеттер кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға жататындығын және ҚК-нің 22-бабының талаптарына сәйкес тұтастай алғанда қасақана жасалған деп танылатындығын ескергендері жөн.

  •       Осыған байланысты, абайсызда адамның денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтірген не қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жағдайда (көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы немесе мұндай адамға көлік құралын басқаруды беру немесе басқаруға жіберу) кінәлі адамға екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу тағайындалуға тиіс.

  •       Сот біреулері қасақана, ал екіншілерін абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталғандарға, егер қасақана қылмыстық құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындалған жағдайда ғана бас бостандығынан айыруды қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуді тағайындауға құқылы.

  •       Осы ретте, егер қасақана қылмыс үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған жағдайда, сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыруды қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуді тағайындауға құқылы.

  •       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •       17-1. ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің талаптарына орай ҚК-нің 345-1-бабының төртінші бөлігі және 346-бабының тиісті бөліктері негізінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін ғана тағайындалады. Көрсетілген уақытқа дейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза осы баптардың бұрынғы редакциядағы санкцияларында көрсетілген мерзімге тағайындалады.

  •       Көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза сотталушының үкім шығару кезінде осындай құқығы болғанына немесе болмағанына қарамастан тағайындалады.

  •       Ескерту. Нормативтік қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 931-бабының 1-тармағына сәйкес жоғары қауіптілік көздерінен келген зиянды өтеу міндеті жүктелетін көлік құралдарының иелері осы санаттағы істер бойынша азаматтық жауапкерлер ретінде тартылуы тиіс.

  •        Бұл ретте соттар жол-көлік оқиғасының нәтижесінде өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілгенде жәбірленушінің көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыруға байланысты сақтандыру өтеміне құқығы бар екенін ескеруі тиіс. Сондықтан АК-нің 924-бабына сәйкес жәбірленушінің сақтандыру өтемі мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өндіру туралы сотталушыға қойған талаптары шешілуі мүмкін.

  •       Егер жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиян сақтандыру жағдайы болып табылмаса не иесінің азаматтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатпайтын механикалық емес көлік құралын жүргізушінің кінәсінен (мысалы, мал көлігі құралы немесе велосипедпен басып кету салдарынан) келтірілсе, оны кінәлі адам азаматтық заңнамада көзделген жалпы ережелер бойынша өтейді.

  •       Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Жәбірленуші жол қозғалысына қатысушы ретінде айрықша абайсыздық танытқан кезде (мас күйде болуы, жол қозғалысы ережелерін бұзуы және т.б.), зиянды өтеу мөлшері азайтылуға немесе оны өндіруден бас тартылуға әкеп соқтыруы мүмкін.

  •       Сақтандыру оқиғаларының туындауына байланысты моральдық зиянды үшінші тұлғаларға өтеп беру сақтандыру ұйымдарына жүктелмейді. Сақтандыру оқиғасы туындаған кезде моральдық зиянды өтеу автокөлік құралының иесіне немесе тасымалдаушыға жүктелуге тиіс.

  •       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        Егер адамның әрекеттері ҚК-нің 345-бабының бірінші, екінші бөліктерінде және 346-бабының бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және 347-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығын құрайтын болса, онда ҚК-нің 68-бабын қолдану туралы мәселе әрбір әрекетке қатысты жеке шешіледі.

  •        Бұл ретте соттар ҚК-нің 68-бабының ережелері абайсызда бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соққан ҚК-нің 345, 346, 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылмайтындығын ескергендері жөн.

  •       Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Материалдық және моральдық залалды өндіру мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілуі мүмкін.

  •       Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •  Қазақстан Республикасы 
    Жоғарғы Сотының ТөрағасыБ. Бекназаров
     Қазақстан Республикасы 
     Жоғарғы Сотының судьясы, 
    жалпы отырыс хатшысыЖ. Бәйішев
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

918-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау

918-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау Жол жүрісі қағидала...

Толық оқу »

345-бап. Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

345-бап. Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Автомобильдi...

Толық оқу »

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша " азаматтық жауапкерлер ретінде қауіптілігі жоғары көзден келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндет жүктелетін көлік құралдарының иелері тартылуға тиіс

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша " азаматтық жауапкерлер ретінде қауіптілігі жоғары көзден келтірілге...

Толық оқу »

606-бапқа түсініктеме. Жол жүрісіне қатысушының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің авариялық жағдай туғызуына әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы

606-бапқа түсініктеме. Жол жүрісіне қатысушының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің авариялық жағдай туғызуына әкеп соққан Жол жүрісі қағидал...

Толық оқу »

345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы...

Толық оқу »

53-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру

53-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру 1. Осы Кодекстің 594 (төртінші бөлігінде),...

Толық оқу »

606-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

606-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі   ...

Толық оқу »

Азаматтың өліміне немесе денсаулығына зақым келгені үшін зиянды өндіру туралы, онымен қоса жол қозғалыс ережелерін бұзумен және көлік авариясымен байланысты болған азаматтық істер Нормативті-құқықтық базасы

Азаматтың өліміне немесе денсаулығына зақым келгені үшін зиянды өндіру туралы, онымен қоса жол қозғалыс ережелерін бұзумен және көлік авариясымен байланысты болған азаматтық і...

Толық оқу »

296-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

296-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы 1...

Толық оқу »

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылғанЖамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 8 қарашад...

Толық оқу »

53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi...

Толық оқу »

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққанАлматы облысы Талғар аудандық сотының 201...

Толық оқу »

918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тек...

Толық оқу »

610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы

610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзуш...

Толық оқу »

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылға...

Толық оқу »

610-бапқа түсініктеме. Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өзге де мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы

610-бапқа түсініктеме. Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық ту...

Толық оқу »

Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияны бекіту туралы

Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияны бекіту туралыҚазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желто...

Толық оқу »

Көлік құралдарының жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуі бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босату туралы өтініш

Көлік құралдарының жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуі бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босату туралы өтінішНазар аударыңыз...

Толық оқу »

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік | жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша әкімшілік іс

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік | жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша әкімшілік ісСот 19.10.2019 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға с...

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуБатыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі үкіміме...

Толық оқу »

Көлік құралдары иелерінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуі бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босату

Көлік құралдары иелерінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуі бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң ком...

Толық оқу »