Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / І Бөлім   Негізгі мәтін  Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы Заңы

І Бөлім   Негізгі мәтін  Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

І Бөлім   Негізгі мәтін  Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы Заңы 

   Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген  жүйесі туралы халықаралық конвенциясы 

(2006 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты) 

(1983 жылғы 14 шiлдеде Брюссельде жасалған)  

   Кiрiспе  

      Кедендiк ынтымақтастық кеңесiнiң басшылығымен әзiрленген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары,         халықаралық саудаға жәрдемдесуге ниет бiлдiре отырып,         әсiресе халықаралық саудаға қатысты алымды, статистикалық деректердi салыстыруды және талдауды оңайлатуға ниет білдiре отырып,         халықаралық сауда процесiнде жiктеудiң бiр жүйесiнен екiншi жүйесiне көшу кезiнде тауарларды қайталап сипаттаудан, жiктеуден және кодтаудан туындайтын шығыстарды азайтуға және сыртқы сауданың құжаттамаларын стандарттауға және статистикалық деректердi беруге ықпал етуге ниет бiлдiре отырып,         тауарлар өндiрiсi технологиясынадағы және халықаралық сауда құрылымдағы өзгерiстердiң 1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде бекiтiлген Кедендiк тарифтердегi тауарларды жiктеуге арналған номенклатура туралы Конвенцияға елеулi өзгерiстер енгiзу қажеттiгiне себепшi болатындығын назарға ала отырып,         үкiметтер мен сауда топтары талап ететiн кедендiк және статистикалық мақсаттарға арналған нақтылау дәрежесiнiң жоғарыда аталған Конвенцияға қоса берілген Номенклатурада көзделетiн шеңберден шыққандығын да ескере отырып,         халықаралық сауда келiссөздерiн жүргiзуге арналған дәл және салыстырмалы деректердiң маңыздылығын мойындай отырып,         Yйлестiрiлген жүйенi әр түрлi көлiкпен жүк тасымалдаудың көлiктiк тарифтерi мен статистикасы үшiн пайдалануды орынды деп санай отырып,         Yйлестiрілген жүйенiң тауарларды сипаттау мен кодтаудың басқа жүйелерiнде мүмкiн болатын неғұрлым кеңiнен пайдалануға арналғандығын ескере отырып,         Yйлестiрiлген жүйенiң сыртқы сауда статистикасы мен өндiрiс статистикасының арасындағы мүмкiн болатын неғұрлым тығыз өзара қарым-қатынасты орнатуға ықпал етуге арналғандығын назарға ала отырып,         Үйлестiрiлген жүйе мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Стандарттық халықаралық сауда жүктемесiнiң (СХСЖ) арасында тығыз өзара қарым-қатынастың сақтауы тиiс деп санай отырып,         жоғарыда көрсетiлген қажеттiлiктердi халықаралық саудамен байланысқан мүдделi қатысушылардың пайдалануы үшiн жарамды құрамдастырылған тарифтiк-статистикалық номенклатураны қолдану арқылы қанағаттандыру дұрыс деп санай отырып,         тауарлар өндiрiсiнiң технологиясына немесе халықаралық сауданың құрылымына өзгерiстердiң Үйлестiрiлген жүйеде есепке алынуының маңыздылығын мойындай отырып,         Кедендiк ынтымақтастық кеңесi құрған Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитеттiң осы салада атқарған жұмысын назарға ала отырып,         жоғарыда көрсетiлген Номенклатура туралы конвенция осы мақсаттардың кейбiреуiне қол жеткiзу үшiн тиiмдi құрал болғандықтан, тиiстi нәтижелерге жетуге арналған ең жақсы құрал жаңа халықаралық Конвенцияны бекiту болып табылады деп санай отырып,         мына төмендегiлер туралы келiстi:  

   1-бап   Айқындама  

      Осы Конвенцияның мақсаттарында:         а) бұдан әрi "Үйлестiрiлген жүйе" деп аталатын "Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрілген жүйесi" тауарлық позицияларды, субпозицияларды және оларға жататын сандық кодтарды, тарауларға, топтарға және субпозицияларға ескертпелердi қамтитын Номенклатураны, сондай-ақ осы Конвенцияға қосымшада келтiрiлген Yйлестiрiлген жүйенi интерпретациялаудың негiзгi ережелерiн бiлдiредi;         b) "кедендiк-тарифтiк номенклатура" Уағдаласушы Тараптар тауарларды әкелу кезiнде кедендiк баждарды алуға арналған заңнамаға сәйкес қабылдаған номенклатураны білдiредi;         с) "статистикалық номенклатуралар" Уағдаласушы Тарап тауарларды әкелу және әкету туралы статистикалық деректер жинау үшiн қабылдаған тауарлық номенклатураны бiлдiредi;         d) "құрамдастырылған тарифтік-статистикалық номенклатура" Уағдаласушы Тарап оны өзiнiң заңнамасына сәйкес әкелетiн тауарларды декларациялау кезiнде пайдалануды талап ететiн кедендiк-тарифтiк және статистикалық номенклатураларды бiрiктiретiн номенклатураны бiлдiредi;         е) "Кеңесті құру туралы Конвенция" 1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде жасасқан Кедендiк ынтымақтастық кеңесiн құру туралы Конвенцияны бiлдiредi;         f) "Кеңес" осы баптың (е) тармағында айтылған Кедендiк ынтымақтастық кеңесiн білдiредi;         g) "Бас хатшы" Кеңестiң Бас хатшысын бiлдiредi;         h) "бекiту" тиiсiнше бекiтудi, қабылдауды немесе мақұлдауды бiлдiредi.  

   2-бап   Қосымша  

      Осы Конвенцияға қосымша оның ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Конвенцияға кез келген сiлтеме осы қосымшаға сiлтеменi де бiрдей білдiредi.  

   3-бап   Уағдаласушы Тараптардың міндеттемелері  

      1. 4-бапта аталған ерекшелiктер ескерiле отырып:         а) осы Конвенцияның әрбiр Уағдаласушы Тарабы осы тармақтың (с) тармақшасының ережелерiн қолданатын жағдайларды қоспағанда, оның осы Уағдаласушы Тарапқа қатысы бойынша кедендiк-тарифтiк және статистикалық номенклатуралары осы Конвенция күшiне енген сәттен бастап Үйлестiрiлген жүйеге сәйкес болатындығына мiндеттенедi. Сөйтiп ол өзiнiң кедендiк-тарифтiк және статистикалық номенклатураларына қатысты:         i) Yйлестiрiлген жүйенiң барлық тауарлық позициялары мен субпозицияларын, сондай-ақ оларға жататын сандық кодтарды ешқандай толықтыруларсыз немесе өзгерiстерсiз пайдалануға;         ii) Yйлестiрiлген жүйе интерпретациясының негiзгi ережелерiн, сондай-ақ бөлiмдерге, топтарға, тауарлық позициялар мен субпозицияларға барлық ескертулердi қолдануға және Үйлестiрілген жүйенiң бөлiмдерiнiң, топтарының позициялары мен субпозицияларының мазмұнын өзгертпеуге;         iii) Үйлестiрiлген жүйеде қабылданған кодтаудың тәртiбiн сақтауға мiндеттенедi;         b) әрбiр Уағдаласушы Тарап, егер мұндай жарияланымдарды шектеу мысалы, коммерциялық құпияны сақтау немесе ұлттық қауiпсiздiктiң мүдделерiне залал келтiру сияқты ерекше жағдайларды тудырмайтын болса, Yйлестiрiлген жүйенiң алты таңбалы кодына сәйкес немесе Уағдаласушы Тараптың тiлегi бойынша жiктеудiң неғұрлым терең деңгейiнде тауарларды әкелу және әкету жөнiндегi өз статистикалық деректерiн де жариялайтын болады;         с) оның құрамдастырылған тарифтiк-статистикалық номенклатурасы (а) (i), (а) (ii) және (а) (iii) тармақшаларда көрсетiлген талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы баптағы ештеңе Уағдаласушы Тарапты өзiнiң кедендiк-тарифтiк номенклатурасында Үйлестiрiлген жүйенiң субпозицияларын пайдалануға мiндеттемейдi.         2. Осы баптың 1-тармағы (а) тармақшасының талаптарына сәйкес әрбiр Уағдаласушы Тарап Үйлестiрiлген жүйенiң ережелерi оның ұлттық заңнамасында бекiтілуi үшiн өзi қажет деп санайтын өзгерiстердi енгiзе алады.         3. Кез келген осындай шағын бөлiмдер осы Конвенцияға қосымшада келтірілген алты таңбалы сандық кодтан тыс толықтырылған және кодталған жағдайда, бұл бапта ештеңе Уағдаласушы Тарапты өзiнiң кедендiк-тарифтiк немесе статистикалық номенклатураларында тауарларды Үйлестiрiлген жүйеге қарағанда тереңiрек жiктеу үшiн шағын бөлiмдер құруға тыйым салынбайды.  

   4-бап   Дамушы елдердiң ішінара қолдануы  

      1. Дамушы ел болып табылатын кез келген Уағдаласушы Тарап Үйлестiрiлген жүйенiң кейбiр немесе барлық субпозицияларын қолдануды оның сыртқы саудасының құрылымы мен оның басқару жүйесінiң әлеуетiн ескере отырып, өзiне қажеттi кезеңге кейiнге қалдыра алады.         2. Осы баптың ережелерiне сәйкес Yйлестiрілген жүйенi ішінара қолдану туралы шешiм қабылдайтын дамушы ел болып табылатын кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенция бұл мемлекетке қатысты күшiне енетiн күннен бастап бес жылдың iшiнде немесе осы баптың 1-тармағының ережелерiн назарға ала отырып, ол қажет деп санайтын кез келген мерзiмде алты таңбалы Yйлестiрiлген жүйенi толық көлемде қолдану үшiн барлық шараларды қабылдауға келiсiм бередi.         3. Осы баптың ережелерiне сәйкес Үйлестiрiлген жүйенi ішінара қолдану туралы шешiм қабылдайтын дамушы ел болып табылатын кез келген Уағдаласушы Тарап не бiр дефисi бар кез келген субпозицияға жататын екi дефисi бар барлық субпозицияны, не олардың ешбiреуiн, сондай-ақ, не кез келген тауарлық позицияға жататын бiр дефисi бар барлық субпозицияны, не олардың ешбiреуiн қолданады. Ішінара қолданудың мұндай жағдайларында Үйлестiрiлген жүйе кодының пайдаланылмайтын бөлiгiне сәйкес келетiн алтыншы белгi немесе бесiншi және алтыншы белгiлер тиiсiнше "0"-ге немесе "00"-ге ауыстырылады.         4. Осы баптың ережелерiне сәйкес Үйлестiрiлген жүйенi ішінара қолдану туралы шешiм қабылдайтын дамушы ел Уағдаласушы Тарап бола отырып, Бас хатшыны ол осы Конвенцияның оған қатысты күшiне енетiн күнiнен бастап қолданбайтын субпозициялар туралы құлақтандырады, сондай-ақ Бас хатшыны ол кейiн қолданбайтын субпозициялар туралы да құлақтандырады.         5. Осы баптың ережелерiне сәйкес Yйлестiрiлген жүйенi ішінара қолдану туралы шешiм қабылдайтын кез келген дамушы ел Уағдаласушы Тарап бола отырып, Бас хатшыны осы Конвенцияның оған қатысты күшiне енетiн күнiнен бастап үш жылдан кейiн алты таңбалы Үйлестiрiлген жүйенi толық көлемде қолдануға ол ресми түрде мiндеттелетiнiн құлақтандыруы мүмкiн.         6. Осы баптың ережелерiне сәйкес Үйлестiрiлген жүйенi ішінара қолданатын дамушы ел болып табылатын кез келген Уағдаласушы Тарап ол қолданбайтын субпозицияға қатысты 3-баптан туындайтын мiндеттемелерден босатылады.  

   5-бап   Дамушы елдерге техникалық жәрдем көрсету  

      Дамыған ел болып табылатын Уағдаласушы Тарап дамушы елдерге олардың сұрауы бойынша, атап айтқанда, кадрлар даярлау, олардың ұлттық номенклатураларын Үйлестiрiлген жүйеге сәйкес келтiру саласында өзара келiсiлген жағдайларда техникалық жәрдем көрсетедi, Үйлестiрілген жүйеге енгiзiлген соңғы түзетулермен бiрге осындай номенклатуралардың ұлттық жүйелерiн енгiзу жөнiнде немесе осы Конвенцияның ережелерiн қолдану жөнінде ұсынымдар бередi.  

   6-бап   Yйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет  

      1. Осы Конвенцияға сәйкес Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет деп аталатын және әрбiр Уағдаласушы Тараптың өкiлдерiнен тұратын Комитет құрылады.         2. Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет әдетте жылына кемiнде екi рет жиналады.         3. Оның мәжiлiстерiн Бас хатшы шақырады және егер, осы Конвенцияға қатысушылар оларды басқа жерде өткiзуге келiспесе, Кеңестiң штаб-пәтерiнде өткiзiледi.         4. Yйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитетте әрбiр Уағдаласушы Тарап бiр дауысқа ие болады; соған қарамастан осы Конвенцияның мақсаттары үшiн және кез келген болашақ конвенцияға залалсыздық үшін, олар ретiнде кедендiк немесе экономикалық одақ сөз ала алатын Уағдаласушы Тараптар, сондай-ақ мұндай одақтың бiр немесе бiрнеше мүше-мемлекетi бiрлесiп бiр ғана дауысқа ие болады. Осы сияқты 11-баптың (b) тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Тарап болу құқығы бар кедендiк немесе экономикалық одақтың барлық мүше-мемлекеттерi Уағдаласушы Тарап болса, олар бiрлесiп бiр ғана дауысқа ие болады.         5. Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет өзiнiң Төрағасын, сондай-ақ төрағаның бiр немесе бiрнеше орынбасарларын сайлайды.         6. Комитет оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi қабылдаған көпшiлiк шешiммен өз регламентiн белгiлейдi осындай үлгiмен қабылданған регламенттi Кеңес бекiтедi.         7. Комитет өз жұмысына бақылаушылар ретiнде қатысу үшiн қажет деп санайтын үкiметаралық немесе басқа да халықаралық ұйымдарды шақырады.         8. Қажет болған жағдайда комитет атап айтқанда, 7-баптың 1-тармағының (а) тармақшасының ережелерiн ескере отырып, шағын комитеттердi немесе жұмыс топтарын құрады және осындай шағын комитеттердiң, немесе жұмыс топтарының құрамын, дауыс беруге қатысу құқығын және регламентiн белгiлейдi.  

   7-бап   Комитеттiң функциялары  

      1. Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет 8-баптың ережелерiн ескере отырып мынадай функцияларды жүзеге асырады:         а) осы Конвенцияға, атап айтқанда, пайдаланушылардың қажеттiлiктерi мен тауарларды өндiру технологиясындағы немесе халықаралық сауда құрылымындағы өзгерiстердi ескере отырып өзiне дұрыс көрiнетiн түзетулер ұсынады;         b) Түсiнiктемелердi, Жiктемелiк шешiмдердi және Үйлестiрiлген жүйені интерпретациялау үшін қажетті өзге де ұсынымдарды әзiрлейді;         с) бiр үлгiдегi интерпретацияны және Үйлестiрiлген жүйенi қолдануды қамтамасыз ету мақсатында ұсынымдар әзiрлейдi;         d) Үйлестiрiлген жүйенi қолдануға жататын ақпаратты салыстырады және таратады;         e) өзiнiң бастамасы бойынша немесе қайсы бiреудің сұранысы бойынша Уағдаласушы Тараптарға, Кеңеске мүше мемлекеттерге, сондай-ақ үкiметаралық немесе басқа да халықаралық ұйымдарға ақпаратты немесе Үйлестiрiлген жүйедегi тауарларды жiктеуге қатысты комитет қажет деп табуы мүмкін кез келген мәселелер бойынша ұсынымдарды ұсынады;         f) Кеңестiң әрбiр сессиясында ұсынылған түзетулердi, Түсiндiрмелердi, Жiктемелiк шешiмдердi және басқа ұсыныстарды қоса алғанда өз қызметi туралы есеп ұсынады;         g) Yйлестiрiлген жүйеге қатысты Кеңес немесе Уағдаласушы Тараптар қажет деп табатын басқа да осындай өкiлеттiктер мен функцияларды жүзеге асырады.         2. Yйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитеттiң бюджеттiк қаржы бөлулердi талап ететiн әкiмшiлiк шешiмдерi Кеңестiң бекітуiне жатады.  

   8-бап   Кеңестiң ролi  

      1. Кеңес Yйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет әзiрлеген осы Конвенцияға түзетулер туралы ұсыныстарды қарайды және оларды, егер Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болып табылатын Кеңестiң қайсы бiр мүшесi бұл ұсыныстардың немесе олардың бөлiгiнiң комитетке қайта қарауға берiлуiн талап етпесе ғана 16-бапта көзделген тәртiпке сәйкес Уағдаласушы Тараптарға ұсынады.         2. Түсiндiрмелер, Жiктемелiк шешiмдер, Үйлестiрiлген жүйенi интерпретациялау жөнiндегi өзге де кеңестер және 7-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес Yйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитеттiң сессиясы барысында дайындалған бiр үлгiдегi интерпретацияны және Yйлестiрiлген жүйенiң қолданылуын қамтамасыз ету мақсаты бар ұсынымдар, eгeр сессия жабылған айдан кейiн бiр ай өткен соң осы Конвенцияның бiрде бiр Уағдаласушы Тарабы Бас хатшыны ол бұл мәселенi Кеңеске берудi талап ететiндiгi туралы құлақтандырмаса Кеңес бекiткен болып саналады.         3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Кеңестiң қарауына қандай да бiр мәселе берiлгенде, егер Кеңестiң осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болып табылатын қандай да бір мүшесi оларды Комитетке толық немесе ішінара қайта қарау үшiн берудi талап етпесе ғана Кеңес көрсетiлген Түсiндiрмелердi, Жiктемелiк шешiмдердi, басқа да кеңестердi немесе ұсынымдарды бекiтедi.  

   9-бап   Кедендiк баждардың ставкалары  

      Осы Конвенцияға сәйкес, Уағдаласушы Тараптар өздерiне  кедендiк баждардың ставкаларына қатысты ешқандай мiндеттемелер алмайды.  

   10-бап   Дауларды peттеу  

      1. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мүмкiндiгiне қарай олардың арасындағы келiсiмдер арқылы шешiледi.         2. Мұндай жолмен реттелмейтiн кез келген дауларды осы дауларға қатысушы Тараптар бұл дауларды қарайтын және оларды реттеу жөнiндегi ұсынымдарды беретiн Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитетке бередi.         3. Егер Үйлестiрiлген жүйе жөнiндегi комитет дауды шеше алмаса, ол Кеңестi құру туралы Конвенцияның III бабының (e) тармағына сәйкес ұсыныс беретiн Кеңестiң қарауына бередi.         4. Дауға қатысушылар Комитеттiң немесе Кеңестiң ұсыныстарын орындау үшiн мiндеттi деп санауға алдын ала келiсуi мүмкiн.  

   11-бап   Уағдаласушы Тараптың мәртебесiн алу  

      Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болуы мүмкін:         а) Кеңеске мүше мемлекеттер;         b) нысанасы осы Конвенцияда реттелетiн кейбiр немесе барлық мәселелер болып табылатын шарттарды бекiту құзыретi берiлген кедендiк немесе экономикалық одақтар;         с) Бас хатшы Кеңестiң нұсқаулығы бойынша шақыру жолдайтын кез келген басқа мемлекет бола алады.  

   12-бап   Уағдаласушы Тарап мәртебесiн алудың рәсiмi  

      1. Оған құқығы бар кез келген мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақ:         а) оны бекiту туралы түсiндiрусiз қол қою;         b) бекiту туралы ескертпесi бар Конвенцияға қол қойғаннан кейiн бекiту туралы құжатты сақтауға беру; немесе         с) осы Конвенция қол қою үшiн ашық болуды тоқтатқаннан кейiн оған қосылу жолымен осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы бола алады.         2. Осы Конвенция 11-бапта көрсетiлген мемлекеттер және кедендiк немесе экономикалық одақтар Кеңестiң Брюссельдегі штаб-пәтерiнде 1986 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қол қою үшiн ашық. Осы күннен кейiн ол қосылу үшiн ашық болады.         3. Бекiту немесе қосылу туралы құжаттар Бас хатшыға сақтауға берiледi.  

   13-бап   Күшiне ену  

      1. Осы Конвенция кемiнде 11-бапта көрсетiлген он жетi мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақтар оны бекiту туралы ескертпесiз қол қойғаннан немесе бекiту немесе қосылу туралы өз құжаттарын тапсырғаннан кейiн он екi айдан кем емес және жиырма төрт айдан көп емес уақыт өткен соң, бiрақ 1987 жылдың 1 қаңтарынан бұрын емес кезекті жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.         2. Осы Конвенцияға бекiту туралы ескертпесiз қол қойған, оны бекiткен немесе осы Конвенцияға оның мүшелерiнiң саны осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ең аз санға жеткеннен кейiн қосылған кез келген мемлекетке, кедендiк немесе экономикалық одаққа қатысты осы Конвенция, егер ертерек мерзiм келiсiлмеген болса, осы мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақ осы бекiту туралы ескертпесiз Конвенцияға қол қойғаннан немесе бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн он екi айдан кем емес және жиырма төрт айдан көп емес уақыт өткеннен кейін кезектi жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. Алайда, осы тармақтың ережелерiнен туындайтын күшiне ену күнi осы баптың 1-тармағында көзделген күннiң алдында бола алмайды.  

   14-бап   Тәуелдi аумақтардың қолдануы  

      1. Кез келген мемлекет Бас хатшыны осы Конвенцияның халықаралық қатынастары оның құзыретiнде болатын және осы хабарламада көрсетiлетiн барлық немесе кейбiр аумақтарға таратылатындығы туралы не ол осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болған сәтте, не кейiн құлақтандыруы мүмкін. Бұл хабарлама, егер онда ертерек мерзiм көрсетiлмесе, оны Бас хатшы алған сәттен бастап он екi айдан кем емес және жиырма төрт айдан көп емес уақыт өткеннен кейiн кезектi жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. Алайда, осы Конвенция ол тиiстi мемлекетке қатысты күшiне енгенге дейiн бұл аумақтарға қатысты қолданылмайды.         2. Осы Конвенцияның көрсетiлген аумаққа қатысты күшi бұл аумақтың халықаралық қатынастары осы Уағдаласушы Тараптың құзыретiнде болуды тоқтатқан сәттен немесе Бас хатшыға 15-бапта көзделген рәсiмге сәйкес хабарлануы мүмкiн кез келген күннен бастап тоқтатылады.  

   15-бап   Күшін жоюы  

      Осы Конвенция мерзiмсiз болып табылады. Алайда, кез келген Уағдаласушы Тарап оның күшiн жоя алады, және мұндай күшiн жою, егер онда кешiрек мерзiм көрсетiлмесе, Бас хатшы күшiн жою туралы хабарламаны алғаннан кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.  

   16-бап   Түзетулер енгiзудiң рәсімi  

      1. Кеңес Уағдаласушы Тараптарға осы Конвенцияға түзетулер енгiзуге ұсыныс жасай алады.         2. Кез келген Уағдаласушы Тарап Бас хатшыны өзiнiң ұсынылған түзетумен келiспейтiндiгi туралы құлақтандыра алады және кейiн бұл келiспеушiлiктi осы баптың 3-тармағында көзделген мерзiмде алып тастай алады.         3. Кез келген ұсынылатын түзету бұл кезеңнiң аяғына дейiн ешқандай қарсылықтар бiлдiрiлмеген жағдайда, Бас xaтшы көрсетiлген түзету туралы хабарлаған сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн қабылданған болып саналады.         4. Қабылданған түзетулер барлық Уағдаласушы Тараптарға қатысты мынадай мерзiмдерде күшiне енедi:         а) ұсынылған түзету туралы хабарлама мұндай хабарлама тапсырылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 сәуiрiне дейiн алынған жағдайда; немесе         b) ұсынылған түзету туралы хабарлама мұндай хабарлама тапсырылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 сәуiрiнде немесе кешiрек алынған жағдайда.         5. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың статистикалық номенклатурасы және оның кедендiк тарифтiк номенклатурасы немесе 3-баптың 1-тармағының (с) тармақшасында көзделген жағдайда, оның құрамдастырылған тарифтiк статистикалық номенклатурасы осы баптың 4-тармағында көрсетiлген мерзiмде оған енгiзiлген түзетулер ескерiле отырып Үйлестiрiлген жүйеге сәйкестiкке келтiрiлуi тиiс.         6. Осы Конвенцияға бекiту туралы ескертусiз қол қойған, оны бекiткен немесе оған қосылған кез келген мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақ бұл мемлекет немесе одақ Уағдаласушы Тараптар болған сәтте күшiне енген немесе осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес қабылданған кез келген түзетулердi қабылдаған болып саналады.  

   17-бап   Уағдаласушы Тараптардың Yйлестiрiлген   жүйеге қатысты құқықтары  

      Yйлестiрiлген жүйеге жататын кез келген мәселе бойынша 6-баптың 4-тармағының, 8-баптың және 16-баптың 2-тармағының ережелерi кез келген Уағдаласушы Тарапқа:         а) ол осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес қолданатын Үйлестiрiлген жүйенiң барлық бөлiктерiне қатысты; немесе         b) 13-баптың ережелерiне сәйкес осы Конвенция ол үшiн күшiне енетiн сәтке дейiн Үйлестiрiлген жүйенiң осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес көрсетілген күнi ол қолдануға мiндеттi барлық бөлiмдерiне қатысты; немесе         с) ол 4-баптың 5-тармағында көрсетiлген үш жылдық мерзiм iшiнде және осы мерзiм аяқталғанға дейiн алты таңбалы Үйлестiрiлген жүйенi толық көлемде қолдануға ресми түрде мiндеттелген жағдайда, Үйлестiрiлген жүйенiң барлық бөлiктерiне қатысты құқық бередi.  

   18-бап   Ескертпелер  

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берiлмейдi.  

   19-бап   Бас хатшының хабарламалары  

      Бас хатшы Уағдаласушы Тараптарды, Конвенцияға қол қойған басқа да мемлекеттердi осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылмайтын Кеңеске мүше мемлекеттердi және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысын:         а) 4-бапқа сәйкес алынған хабарламалар;         b) 12-бапқа сәйкес орын алған қол қою, бекiту және қосылу жағдайлары;         с) осы Конвенцияның 13-бапқа сәйкес күшiне енген күнi;         d) 14-бапта көзделген хабарламалар;         e) 15-бапта көзделген күшiн жоюлар;         f) осы Конвенцияға 16-бапқа сәйкес енгiзiлген түзетулер;         g) 16-бапқа сәйкес ұсынылған түзетулер мен келiспеушiлiктер, сондай-ақ оларды мүмкiн болатын алып тастау;         h) 16-бапқа сәйкес қабылданған түзетулер, сондай-ақ олардың күшiне ену күнi туралы құлақтандырады.  

   20-бап   Бiріккен Ұлттар Ұйымында тiркелу  

      Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Кеңестiң Бас хатшысының ұсынымы бойынша БҰҰ-ның Хатшылығында тiркелуге жатады.         Оны куәландыру ретiнде оған төменде қол қоятын тиiстi дәрежедегi уәкiлеттi адамдар осы Конвенцияға қол қойды.         1983 жылғы 14 маусымда Брюссельде ағылшын және француз тiлдерiнде, 11-бапта көрсетiлген барлық мемлекеттерге және кедендiк немесе экономикалық одақтарға расталған көшiрмелерiн жолдайтын Кеңестiң Бас xaтшысына сақтауға тапсыруға жататын бiр данада жасалды, және де екi мәтiн де бiрдей күшке ие.  

   Тауарларды сипаттау мен кодтаудың   үйлестірілген жүйесi туралы халықаралық   конвенцияға түзетулер енгiзу туралы хаттама  

(1986 жылғы 24 маусымда Брюссельде жасалған)  

      1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде қол қойылған Кедендiк ынтымақтастық кеңесi құрған Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары және Европалық экономикалық қауымдастық,         Тауарлар мен кодтарды сипаттаудың Үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияның (1984 жылғы 14 маусымда Брюссельде жасалған) 1988 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енуi тiлегiн білдiре отырып,         жоғарыда аталған Конвенцияның 13-бабына түзетулер енгiзiлгенше Конвенцияның бұл күнi күшiне енуiнiң екi ұшты болып қалатындығын назарға ала отырып,         мына төмендегiлер туралы келiстi:  

   1-бап  

      1984 жылғы 14 маусымда Брюссельде жасалған Тауарлар мен кодтарды сипаттаудың Үйлестiрілген жүйесi туралы халықаралық конвенцияның 13-бабының 1-тармағы мынадай мәтiнмен ауыстырылады.         "1 Осы Конвенция 11-бапта көрсетiлген кемiнде он жетi мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақтар оны бекiту туралы ескертпесiз қол қойғаннан немесе бекiту немесе қосылу туралы өз құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейiн үш айдан кем емес уақыт өткен соң кезектi жылдың 1 қаңтарынан бастап, бiрақ 1988 жылдың 1 қаңтарына дейiн күшiне енедi".  

   2-бап  

      А. Осы Хаттама осы Конвенцияның 11-бабында аталған кемiнде он жетi мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақтар осы Хаттаманы тану туралы өздерiнiң актiлерiн Кедендiк ынтымақтастық кеңесiнiң Бас хатшысына сақтауға тапсырған жағдайда осы Конвенциямен бiр мезгiлде күшiне енедi. Алайда, бiрде бiр мемлекет, бiрде бiр кедендiк немесе экономикалық одақ бекiту туралы ескертпесiз бұрын қол қоймаса немесе осы Конвенцияға бiр мезгілде қол қоймаса немесе сақтауға бұрын тапсырса, немесе бекiту немесе оған қосылу туралы өздерiнiң құжаттарын сақтауға бiр мезгілде тапсырмаса осы Хаттаманы тану жөнiндегi өз актiлерiн сақтауға тапсыра алмайды.         В. Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болатын кез келген мемлекет, кедендiк немесе экономикалық одақ осы Хаттама жоғарыда келтiрiлген А тармағына сәйкес күшіне енгеннен кейiн осы Хаттамаға енгiзiлген түзетулерге сәйкес осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болады.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы 

        Қазақстан Республикасы 1983 жылғы 14 маусымда Брюссельде жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға және Брюссельде 1986 жылғы 24 маусымда жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгiзу туралы хаттамаға қосылсын. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы