Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

10-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы 

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары жарғы және (немесе) құрылтай шарты болып табылады. 

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында: 

      1) өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы мен мақсаттары; 

      2) өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау және оған мүше болуды (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі; 

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдық құрылымы; 

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі, құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімдері, өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының орналасқан жері; 

      5) өзін-өзі реттейтін ұйым органдарының, мүшелерінің (қатысушыларының) есептілік мерзімдері және олардың қызметін бақылау тәртібі; 

      6) өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен міндеттері, оның ішінде өздері қабылдайтын қағидалар мен стандарттарды орындау міндеттілігі; 

      7) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыру көздері, оның органдарының мүлікті басқару бойынша құқықтары; 

      8) жарналарды енгізу, оларды нысаналы пайдалану және бұл туралы есептілік тәртібі; 

      9) өз мүшелеріне (қатысушыларына) ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат беру тәртібі; 

      10) өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі; 

      11) өзін-өзі реттейтін ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау, ол таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі көзделуге тиіс. 

      3. Құрылтай шарты – құрылтайшылардың өзін-өзі реттейтін ұйымды құру туралы келісімі, онда оны құру бойынша бірлескен қызметтің тәртібі, өз мүлкін оның меншігіне (жедел басқаруға) беру және оның қызметіне қатысу шарттары айқындалады. Егер Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, онда өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарттары мен тәртібі де белгіленеді. 

      4. Құрылтайшылардың келісімі бойынша құрылтай шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да шарттар енгізілуі мүмкін. 

      Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкілеттік берген адамдар қол қояды. 

      5. Құрылтай құжаттары өзін-өзі реттейтін басқа ұйымдарға мүшелікті (қатысуды) шектеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді көздеуі мүмкін. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы       1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлға...

Толық оқу »

41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзде...

Толық оқу »

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құ...

Толық оқу »

7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы       Егер осы Заңда немесе Қазақст...

Толық оқу »

Комментарий к статье 87. Учредительные документы акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 87. Учредительные документы акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан Учредительный договор закрытого АО является документом, о...

Толық оқу »

Комментарий к статье  41. Учредительные документы юридического лица Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 41. Учредительные документы юридического лица Гражданского кодекса Республики Казахстан К учредительным документам относятся учредительный договор и...

Толық оқу »

124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты – жарғы, ал мемлекеттік мекеменің құрыл...

Толық оқу »

21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы

21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы       1. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:       1) мекеме үшiн -...

Толық оқу »

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттарыКредиттiк серiктестiктер туралы Заңы      1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табыл...

Толық оқу »

4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу

4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу       1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жа...

Толық оқу »