Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн:

      1) жарғысы және құрылтай шарты;

      2) жарғысы;

      3) жарғысы және eгep заңды тұлғаны бiр адам құрған жағдайда, заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ережелер немесе мазмұнын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын үлгілік жарғы негiзiнде әрекет жасай алады.

      Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын үлгiлік жарғының негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.

      2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.

      3. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.

      Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

      4. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.

      Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

      4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.

      Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды.

      5. Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру және жою ережелерi белгiленедi.

      Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.

      Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.

      6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:

      1) егер олар құрылтайшылардың өзара қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

      2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.

      7. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

      Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1996.07.15 № 30, 1997.06.19 № 132, 1997.07.11 № 154, 1998.03.02 № 211, 1998.04.22 № 221, 1998.07.10 № 282, 2003.05.16 № 416, 2007.01.12 № 225, 2008.07.04 № 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.08 № 225-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы       1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлға...

Толық оқу »

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құ...

Толық оқу »

7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы       Егер осы Заңда немесе Қазақст...

Толық оқу »

Комментарий к статье 87. Учредительные документы акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 87. Учредительные документы акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан Учредительный договор закрытого АО является документом, о...

Толық оқу »

Комментарий к статье  41. Учредительные документы юридического лица Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 41. Учредительные документы юридического лица Гражданского кодекса Республики Казахстан К учредительным документам относятся учредительный договор и...

Толық оқу »

124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

124-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты – жарғы, ал мемлекеттік мекеменің құрыл...

Толық оқу »

21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы

21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы       1. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:       1) мекеме үшiн -...

Толық оқу »

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттарыКредиттiк серiктестiктер туралы Заңы      1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табыл...

Толық оқу »

4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу

4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу       1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жа...

Толық оқу »