107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру
1 сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі тергеу судьясының қаулысына шағым жасауға, ал прокурорға наразылық білдіруге құқылы:
1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамауға алу, үйқамаққа алу, кепілге алу немесе қамауда ұстау, үйқамаққа алу мерзімін ұзарту түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы;
2) күдіктіні күзетпен ұстауға санкция беруден, экстрадициялық қамауға алудан, үйқамаққа алудан, кепілге салудан немесе қамауда ұстау, үйқамаққа алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;
3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы;
4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;
5) эксгумация не одан бас тарту туралы;
6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;
7) адамды сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;
8) кепіл нысанасының мемлекет кірісіне айналғаны немесе одан бас тартқаны туралы;
9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау бойынша жүзеге асырылады.
2 тергеу судьясының осы Баптың қағидаларына сәйкес шығарылған қаулысына ол жарияланған кезден бастап үш тәулік ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар шағымдана алады, сондай-ақ тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа прокурор наразылық білдіре алады. Мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша дәлелді себептермен өткізіп алған мерзім осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
3 шағым беру немесе наразылық келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4 шағымдану, наразылық білдіру үшін мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, наразылықпен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа бұл туралы өтініш берушіге және іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалып отырған адамға және прокурорға хабарлай отырып жіберіледі. Шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша қабылданған облыстық немесе оған теңестірілген соттың шешімі түпкілікті болып табылады.
5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, наразылық сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді.
6. Жабық сот отырысына прокурор мен күдіктінің қорғаушысы қатысады. Сондай-ақ, отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі Мен өкілі және шағымданатын шешіммен құқықтары мен мүдделері қозғалатын, шағымды, наразылықты қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде келмеуі олардың сот қарауына кедергі келтірмейтін басқа да адамдар қатыса алады.
7. Тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап, сот мынадай дәлелді қаулылардың бірін шығарады:
1) аудандық немесе оған теңестірілген соттың тергеу судьясының қаулысын өзгертусіз қалдыру туралы;
2) тергеу судьясының қаулысын өзгерту туралы;
3) тергеу судьясының қаулысының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.
8. Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға және адамды қамауда ұстау орны әкімшілігінің өкіліне жіберіледі және дереу орындалуға тиіс.
9. Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағымдану және оның заңдылығы мен негізділігін сот арқылы тексеру осы Кодекстің 592-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
1.ҚІЖК-нің 107-бабы нормасының мәні тергеу судьясы қаулысының тоғыз түріне шағымдану, наразылық білдіру болып табылады:
1) қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу, үй қамағына алу, кепілге алу немесе қамауда ұстау, үй қамағына алу мерзімін ұзарту түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы;
2) күдіктіні күзетпен ұстауға санкция беруден, экстрадициялық қамауға алудан, үйқамаққа алудан, кепілге салудан немесе қамауда ұстау, үйқамаққа алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;
3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы;
4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;
5) эксгумация не одан бас тарту туралы;
6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;
7) адамды сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;
8) кепіл нысанасының мемлекет кірісіне айналғаны немесе одан бас тартқаны туралы;
9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағымдарды қарау бойынша жүзеге асырылады.
2.Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша тергеу судьясының қаулысына шағымдану, наразылық білдіру үшін облыстық соттың апелляциялық сатысы көзделген, алайда оларды апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімдері қысқартылған.
ҚІЖК-нің 107-бабының нормасы шеңберінде облыстық немесе оған теңестірілген сот (облыстық немесе теңестірілген соттың судьясы жеке-дара) осы мәселелер бойынша аудандық (қалалық) сот қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеруді қылмыстық іс апелляциялық сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырады.
Апелляциялық соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктемесі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы