Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

 1. Тергеу бөлімінің бастығы – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және оның өз құзыреті шегінде әрекет ететін орынбасарлары.

      2. Тергеу бөлімінің бастығы:

      1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушіге тапсыруға;

      2) тергеушінің өз іс жүргізуіндегі істер бойынша тергеу әрекеттерін орындауының уақтылығына, тергеушінің тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) тергеп-тексеру жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсыруға;

      4) тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетуге;

      5) қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;

      6) өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алуға және алдын ала тергеуді жүзеге асыратын, өзіне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлімшесіне беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) прокурорға айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:      ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;      алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).

      8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға;

      8-1) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға;

      9) өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;

      10) тергеушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға уәкілетті.

      3. Тергеу бөлімінің бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Тергеу бөлімі бастығының іс бойынша нұсқаулары тергеушінің осы Кодекстің 60-бабында белгіленген дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау міндетті, бірақ ол жөнінде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, қылмыстық істі айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушінің тергеу бөлімі бастығының әрекеттеріне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 331-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының өкілеттіктері

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының өкілеттіктері 1 сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте к...

Толық оқу »

55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктеріҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген...

Толық оқу »

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік код...

Толық оқу »

107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру

107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру1 сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысынд...

Толық оқу »

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уәкі...

Толық оқу »

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол...

Толық оқу »

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қ...

Толық оқу »

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінг...

Толық оқу »

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімд...

Толық оқу »

62-бап. Анықтау органының бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

62-бап. Анықтау органының бастығыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Осы Кодекстiң 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер б...

Толық оқу »