Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртiбi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртiбi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртiбi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.

      2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.

      3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.

      4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.

      5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.

      6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.

      7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы