Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Осы тараудың мақсаттары үшін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы деп: 

      1) сақтандыру қызметтері үшін: 

      сақтандырудың барлық түрі бойынша жеке тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері; 

      айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспайтын талаптар сомасымен тек көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша – заңды тұлғалар; 

      2) өзге де қаржылық көрсетілетін қызметтер үшін – жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар түсініледі. 

      Осы тараудың қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қатысты қолданылатын ережелері сақтандыру ұйымы осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда басқа сақтандыру ұйымына талаптар қойған кезде сақтандыру ұйымына қолданылады. 

      2. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мен іс-қимылды қадағалау субъектісі арасындағы дауды сотқа дейін реттеу тәртібі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы қаржы омбудсманына жүгінген кезде мынадай жағдайларда: 

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының іс-қимылды қадағалау субъектісіне қаржы өнімін ұсыну туралы жасалған шарттан туындайтын мүліктік талаптары болған кезде; 

      2) банк не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тартқан немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабына сәйкес қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлғаның жолданымы (өтініші) бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде; 

      3) микроқаржы ұйымы не микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартқан немесе "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлғаның жолданымы (өтініші) бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде; 

      4) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар болған кезде; 

      5) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын даулар болған кезде; 

      6) сақтандыру ұйымы жеке немесе заңды тұлғаға міндетті сақтандыру шартын жасасудан, ерікті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуден бас тартқан кезде (шарттарда сақтанушылардың, сақтандырылушылардың, пайда алушылардың құқықтарын бұзатын талаптар болған жағдайларда) сақталады (қолданылады). 

      3. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мен іс-қимылды қадағалау субъектісінің арасындағы дауды сотқа дейін реттеу тәртібі мыналарды: 

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржы өніміне байланысты дауға немесе өзге жағдайға қатысты іс-қимылды қадағалау субъектісіне жүгінуін; 

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолданымға іс-қимылды қадағалау субъектісінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде жауап алмауына байланысты жағдайларда не іс-қимылды қадағалау субъектісінің мұндай жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандырмауына байланысты дауды реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгінуін көздейді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Адвокат Азаматтық іс бойынша соттың шешімі бойынша Алматыда салық даулары бойынша заңгер сол адамдар қатысатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы басқа істерді қарау кезінде дәлелдеуді қажет етпейді.

Адвокат Азаматтық іс бойынша соттың шешімі бойынша Алматыда салық даулары бойынша заңгер сол адамдар қатысатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы басқа істерді қарау кезінде...

Толық оқу »

Алматыда салық даулары, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және уақтылы төлеу бойынша Адвокат

Алматыда салық даулары, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және уақтылы төлеу бойынша Адвокат1-бөлік АІЖК-нің 292-бөлігі бола отырып, прок...

Толық оқу »

Қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта алу даулары бойынша сотқа дейінгі тәртіпте реттелуі

Қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта алу даулары бойынша сотқа дейінгі тәртіпте реттелуіЕңбек Кодексінің 159-б. 1 және 2-т. сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңд...

Толық оқу »

Қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу, дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу

Қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу, дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеуЕңбек Кодексінің 159-б. 1 және 2-т. сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектіле...

Толық оқу »

РНУ-ға енгізу жөніндегі бұйрықтарға дау айтудың сотқа дейінгі тәртібі (Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі)

РНУ-ға енгізу жөніндегі бұйрықтарға дау айтудың сотқа дейінгі тәртібі (Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі)Әкімшілік рәсімдердің міндеттері: Жеке және заң...

Толық оқу »

302-бап. Тараптары кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дауларды сотқа дейін реттеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

302-бап. Тараптары кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дауларды сотқа дейін реттеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Құқықтары мен заңды мүдделерi бұз...

Толық оқу »

Дауларды сотқа дейінгі реттеу

Дауларды сотқа дейінгі реттеуҚолданыстағы заңнамада мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы дауларды шешудің баламалы тәр...

Толық оқу »

Сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы сотқа дейінгі талабы

Сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы сотқа дейінгі талабыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі ек...

Толық оқу »

25-бап. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне және прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейін реттеу Прокуратура туралы Конституциялық заңы

25-бап. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне және прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейін реттеу Прокуратура туралы Ко...

Толық оқу »

Бекіту арматурасын уақтылы жеткізбеу және тауардың техникалық тапсырмаға сәйкес келмеуі туралы сотқа дейінгі талап

Бекіту арматурасын уақтылы жеткізбеу және тауардың техникалық тапсырмаға сәйкес келмеуі туралы сотқа дейінгі талапНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарың...

Толық оқу »

191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы баптың екінші...

Толық оқу »