153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны Жер кодексі Қазақстан Республикасының
1. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу мынадай қызмет түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеп қарауды, мелиорациялық, агрохимиялық және геоботаникалық зерттеп қарауды және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын жасауды (жаңартуды), бүлінген және тозған жерлердің сапалық жай-күйін қалпына келтіру жөніндегі жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды қамтитын, жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мыналарды: елді мекендердің жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды;
5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді;
6) мемлекеттік жер кадастрының цифрлық жүйесін жүргізуді;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді;
8) жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуді;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды және беруді;
9-1) жер-кадастрлық жоспар әзірлеуді;
10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді қамтиды.;
11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды. - Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 194-VIII ҚРЗ Заңымен алынып тасталды.
2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жердi рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгiлеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 342-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау