300-2-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Электр станциясының негізгі жабдығының және қазандықтың тоқтауына алып келген, энергия өндіруші және жылумен жабдықтау субъектілерінің және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы