16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi:
1) қызметiн заңдарға және мемлекеттiк нормативтерге (мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға;
2) өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қолжетімділігін, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға қолжетімділігін көздеуге міндетті.
Тұрғын үй құрылысы шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілері жанында қойылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлік құралдары үшін орындар көздеуге міндетті.
Толық бітіріп берілетін" құрылыстың ерекшелiгi қаржыландыру, жоспарлау, iздестірулер, негiздемелер, жобалау, салу және оған iлеспе көрсетілетін қызметтер, басқару, пайдалану, қызмет көрсету, тараптардың бiрiнiң балансына беру жөнiндегi шарттарды қамту мүмкiндiгiнен көрiнетiн кешендi сипат болып табылады.
Құрылысқа мемлекеттік инвестицияларды қамтитын жобалар бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылысты жоспарлау, қаржыландыру және іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы