34-бап. Авторлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.
2. Объектiлердi салу барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Авторлық қадағалау міндетті түрде объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделi жөндеудің) не аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялаудың бүкiл кезеңi iшiнде қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды береді.
2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;
2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.
2-2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) салынып жатқан тиісті объектіге еркін кіруге;
2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;
3) авторлық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
4) тапсырыс берушіден және мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
5) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.
2-3. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге;
2) авторлық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
3) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына негізделген өзгерістер енгізу жөнінде шешімдерді уақтылы қабылдауға;
5) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;
6) нақты өлшемдерді жүргізе отырып, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қосымшаны толтыруға міндетті.
2-4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Алып тасталды - ҚР 21.01.2014 № 167-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы