Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы 

      1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады. 

      2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады. 

      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар. 

      4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді. 

      5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс. 

      Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады. 

      Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті. 

      6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. 

      7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау: 

      1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған; 

      2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары; 

      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген; 

      4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген; 

      5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған; 

      6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған; 

      7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған; 

      8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы; 

      9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған; 

      10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі. 

      8. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың: 

      1) тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған объектіге еркін кіруіне; 

      2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық жобалау-техникалық және орындаушылық құжаттаманы алуына; 

      3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауына құқығы бар. 

      9. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар: 

      1) зерттеп-қарауды құрылыс материалдарының тіреуіштік қабілетінің есебі бойынша нормативтерді, нақты сапалық көрсеткіштерін және орындалған жобалық шешімдерді ескере отырып, анықталған ақауларды, жобалық шешімдердің өзгерістерін, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін айқындайтын қолданылған материалды, жекелеген конструктивтік элементтерді ескере отырып нормативтік құжаттамаларға, ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге; 

      2) орындалатын зерттеп-қараудың түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмысты сапалы орындауды қамтамасыз етуге; 

      3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (өзінің аккредиттелген зертханасы жоқ болған кезде) тартуға; 

      4) белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келетін сынақ, өлшем және бақылау құралдарын қолдануға; 

      5) құрылыс алаңындағы топырақ жағдайларын ескере отырып ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен элементтерінің нақты жай-күйінің негізінде салыстырып тексеру есептеулерін орындауға міндетті. 

      10. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде, зерттеп-қарауды жүргізуді орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданылатын техника қауіпсіздігінің арнайы қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс. 

      11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына жауапты болады. Сарапшылар (аккредиттелген ұйымдар) берген ұсынымдар олардың орындалу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс. 

      12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық тұжырымдары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады. 

      13. Тапсырыс беруші техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін сарапшыға (сарапшыларға) ұсынылатын бастапқы деректердің, мұрағат материалдарының дұрыстығына жауапты болады. 

      14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.   

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объе...

Толық оқу »

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу  1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу 1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы сәул...

Толық оқу »

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      С...

Толық оқу »

37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты   2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ 7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

        37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты 2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы ...

Толық оқу »

312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттi...

Толық оқу »

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мыналар сәулет, қал...

Толық оқу »

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет...

Толық оқу »

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) айма...

Толық оқу »

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және қ...

Толық оқу »

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет...

Толық оқу »

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы...

Толық оқу »

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс...

Толық оқу »

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет...

Толық оқу »

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Респ...

Толық оқу »

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы...

Толық оқу »

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізіл...

Толық оқу »

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет және қала құрылыс...

Толық оқу »

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет, қала құрылысы және құр...

Толық оқу »

31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

 31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мемлекеттік бақылауды...

Толық оқу »

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      Ескерту. 27-1-баптың тақырыбы...

Толық оқу »

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет, қа...

Толық оқу »

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі турал...

Толық оқу »

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрыл...

Толық оқу »

34-бап. Авторлық қадағалау  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

      34-бап. Авторлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құж...

Толық оқу »