27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша қалалардың бас сәулетшілері болып табылады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы