Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 188-1-бап. Мал ұрлау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

188-1-бап. Мал ұрлау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

188-1-бап. Мал ұрлау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру –

      мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Мынадай:

      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау –

      мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Мынадай:

      1) бірнеше рет;

      2) тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау –

      мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4 Мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау –

      мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертпе. Осы бапта мыналар мал деп түсініледі:

      ірі қара мал;

      жылқылар мен есектер;

      түйелер;

      ұсақ мал;

      шошқалар.

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысы.

Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысы. Ескерту....

Толық оқу »