22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
Депутат тиісті мәслихаттың регламентінде айқындалған тәртіппен, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында және мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру кезеңінде оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін, біліктілікті арттырудан өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Облыстар, аудандар мәслихатының депутаты мәслихат төрағасының тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ өз құзыреті шегінде және әкімшілік-аумақтық шекаралар шегінде өз функциясын атқару үшін іссапарға жіберілген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша іссапар шығыстары төленеді.
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы