764-бап. Жәбiрленушiге, куәға, сарапшыға, маманға, аудармашыға немесе куәгерге шығыстарды өтеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сарапшының, маманның, аудармашының және куәгердің жүргiзуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты шеккен шығыстары, оның iшiнде аталған адамдардың тұрғылықты немесе жүрген жерінен іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жерге бару және керi қайту жолақысының құны, ал бұл басқа жерде болуына байланысты жағдайларда – тұрғын үй-жайды жалдау, сондай-ақ тәулiктiк шығын құны оларға азаматтық процестік заңнамада белгiленген тәртiппен өтеледі.
2. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман, аудармашы және куәгер ретiнде шақырылатын адамның, жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты олар жұмыс орнында болмаған кезде орташа табысы белгiленген тәртiппен сақталады.
3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегiне заңнамада белгiленген тәртiппен ақы төленедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы