Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 247-1-бап. Заңсыз сыйақы беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

247-1-бап. Заңсыз сыйақы беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

247-1-бап. Заңсыз сыйақы беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

      1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам немесе оған теңестiрiлген адам болып саналмайтын жұмыскерiне, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiне заңсыз сыйақы берген адамның не оның өкілі болған адамдардың пайдасына өз мiндеттерiнің аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткенi үшiн мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы беру –

      сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет –

      бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертпелер.

      1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамға оның міндеттері аясына кіретін жұмысты бұрын орындағаны немесе қызметті бұрын көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде беру маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды.

      2. Егер заңсыз сыйақы берген адамға қатысты осы баптың бірінші бөлігінде аталған адам тарапынан заңсыз сыйақыны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам заңсыз сыйақыны бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік ор...

Толық оқу »