Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып табылмайтын мемлекеттік орган не мемлекеттік ұйым қызметкерінің, сондай-ақ басқару функцияларын орындамайтын мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің өз міндеттеріне кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз алуы —

сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Дәл сол әрекетті бірнеше рет жасау —

жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде сыйақы алуға байланысты не қорқытып алумен ұштасқан әрекеттер —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырумен жазаланады.

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның өз міндеттеріне кіретін бұрын орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызметтер алуы, егер сыйлықтың құны бес айлық есептік көрсеткіштен аспаса, болмашы маңыздылығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және тәртіптік тәртіппен қудаланады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі (1 және 2-бөліктері — қылмыстық теріс қылықтар, 3-бөлігі — қылмыс) оның қоғамдық сананы тек азаматтардың мемлекеттік билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар ішкі, тұрмыстық деңгейде де ірітуінде, халықтың көз алдында мемлекеттік органдардың, оқу және емдеу мекемелерінің, кәсіпорындардың, жергілікті басқару органдарының және т.б. әртүрлі санаттағы қызметкерлерінің заңсыз алымдарын белгілі бір дәрежеде «заңдастыруында» болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жүйесінің қалыпты жұмысы болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыстық теріс қылық мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып табылмайтын мемлекеттік орган не мемлекеттік ұйым қызметкерінің, сондай-ақ басқару функцияларын орындамайтын мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің өз міндеттеріне кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз алуымен сипатталады.

Заңсыз сыйақы деп қылмыстық жауаптылықтың ерекше субъектілері болып табылатын адамдардың орындалған жұмысқа (көрсетілген қызметке) сәйкес келмейтін мөлшерде не оларды алудың белгіленген тәртібін немесе тыйым салуды бұза отырып алатын материалдық игіліктері немесе мүліктік сипаттағы пайдасы түсініледі. Оларға, мысалы, санаторийлерге, курорттық демалыс аймақтарына жолдамалар, ойын-сауық конкурстары мен өзге де іс-шараларға билеттер алу және т.б. жатады.

Кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу кезінде мұндай сыйақының қажетті жұмысты орындағанға немесе қызметті көрсеткенге дейін не одан кейін алынған уақытының маңызы жоқ.

Сыйақы алынған орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет оны алушының қызметтік міндеттерінің шеңберіне кіруге тиіс, бұл жарғылармен, нұсқаулықтармен, қағидалармен, еңбек шарттарымен айқындалуы мүмкін. Бұл ретте қызметкердің өз міндеттерін тұрақты түрде, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындағаны маңызды емес.

Қылмыстық теріс қылық өзінің құрылымы бойынша формальды құрамға жатады. Әрекет материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді алған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Субъективтік жағынан қылмыстық теріс қылық тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам өз міндеттеріне кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз алып отырғанын сезінеді, зардаптардың туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және соны тілейді.

Қылмыстық теріс қылықтың субъектісі есі дұрыс, он алты жасқа толған жеке тұлға болып танылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттардың заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 33-тармағына сәйкес, ҚР ҚК-нің 247-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып табылмайтын мемлекеттік орган не мемлекеттік ұйым қызметкері, сондай-ақ басқару функцияларын орындамайтын мемлекеттік емес ұйым қызметкері болып табылады. Бұл ретте қызметкердің өз міндеттерін тұрақты түрде, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша, жұмыс уақытында немесе өзге уақытта орындағаны маңызды емес. Соттар әрбір жағдайда заңсыз сыйақы алынған жұмысты орындау немесе қызметті көрсету оның міндеттерінің шеңберіне кірген-кірмегенін анықтауға тиіс.

ҚР ҚК-нің 253-бабының 4–6-бөліктерінде және 366-бабында көзделген қылмыстардан түсіндіріліп отырған бапта бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық, ең алдымен, субъектісі бойынша ерекшеленеді.

Қарастырылып отырған қылмыстық теріс қылықтың сараланған түрі оны бірнеше рет жасау болып табылады (ҚК-нің 247-бабының 2-бөлігі). Заңсыз сыйақыны бірнеше рет алу, егер бұл ретте қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпесе, біртекті қылмыстық құқық бұзушылықты кемінде екі және одан да көп рет жасауды білдіреді.

Егер сыйақы берушілердің әрқайсысының мүддесі үшін жеке әрекет жасалса, бірнеше адамнан заңсыз сыйақы алуды заңсыз сыйақыны бірнеше рет алу ретінде саралау қажет.

Беруші үшін қалаулы нәтиженің туындауын қамтамасыз ететін әрекеттер (әрекетсіздік) үшін заңсыз сыйақыны бірнеше рет бөліп алу бірнеше рет жасалған әрекет ретінде қарастырылмайды. Мұндай әрекеттерді жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық деп есептеу қажет.

ҚР ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігі бойынша ерекше сараланған түрі ретінде ҚР ҚК-нің 247-бабының 1 немесе 2-бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде сыйақы алуға байланысты не қорқытып алумен ұштасқан әрекеттер танылады. Қарастырылып отырған әрекетке қатысты ірі мөлшер, ҚР ҚК-нің 3-бабының 38) тармағына сәйкес, адам алған соманы немесе оған көрсетілген қызметтердің құнын білдіреді, олар үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асады.

Қорқытып алу деп адамның заңсыз сыйақыны талап етуін, бұл ретте сыйақы берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін әрекеттерді жасаймын деп қорқытуын не құқықпен қорғалатын мүдделер үшін зиянды салдардың алдын алу мақсатында заңсыз сыйақы беруге мәжбүр болатын жағдайларды қасақана жасауын түсінеміз. Егер заңсыз сыйақы берген адамның аталған қорқытуды жүзеге асырудан нақты қауіптенуіне негіздері болса, қорқытып алудың белгілері адамның мұндай қорқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі болған-болмағанына қарамастан орын алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысының 35-тармағына сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс кінәлі адамнан өндіріліп алуға және қылмыстық жолмен табылған негізсіз баюдың нәтижесі ретінде мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.

Заңсыз сыйақы алу (ҚК-нің 247-бабы) туралы істер бойынша кінәлі адам сыйақы ретінде алған ақша және өзге де мүлік сотталған адамға жүктелген міндеттер шеңберіне кірмейтін жұмысқа немесе қызметке ақы төледім деп қателескен жағдайларда оның иесіне қайтарылуға жатады.

Заттай дәлелдемелер деп танылған ақша мен өзге де құндылықтар, егер оларды бергенге дейін олардың иесі өзінен заңсыз сыйақы қорқытып алынғаны туралы тиісті органдарға мәлімдеген болса, оның иесіне қайтарылуға жатады.

ҚР ҚК-нің 247-бабына ескертпеге сәйкес, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның өз міндеттеріне кіретін бұрын орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызметтер алуы, егер сыйлықтың құны бес айлық есептік көрсеткіштен аспаса, болмашы маңыздылығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және тәртіптік тәртіппен қудаланады.

ҚР ҚК-нің 247-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

ҚР ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар

 

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік ор...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген а...

Толық оқу »

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу...

Толық оқу »

Қылмыстық процесте келтірілген залалды өтеу тек тікелей залалды өтеу туралы талаптарға ғана рұқсат етіледі. Алынбаған пайданы, тұрақсыздық айыбын, сыйақыны өндіріп алу туралы талаптар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс

Қылмыстық процесте келтірілген залалды өтеу тек тікелей залалды өтеу туралы талаптарға ғана рұқсат етіледі. Алынбаған пайданы, тұрақсыздық айыбын, сыйақыны өндіріп алу туралы...

Толық оқу »

Сыйақы мен тұрақсыздық айыбының сомасын есептен шығару туралы сотқа талап арыздың үлгісі

Сыйақы мен тұрақсыздық айыбының сомасын есептен шығару туралы сотқа талап арыздың үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабына түсініктеме. Заңсыз сыйақы алу1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген а...

Толық оқу »

Автокөлік құралын соттан тыс өткізуді жарамсыз деп тану туралы, сыйақы есептеу бөлігінде қарыз шартын тану туралы соттың ұйғарымына жеке шағым

Автокөлік құралын соттан тыс өткізуді жарамсыз деп тану туралы, сыйақы есептеу бөлігінде қарыз шартын тану туралы соттың ұйғарымына жеке шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық з...

Толық оқу »

761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiлен...

Толық оқу »

678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функциялард...

Толық оқу »

26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Туынды авторының, орындаушы...

Толық оқу »

912-бап. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

912-бап. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған тұлға, бас тартуға жол берiлмейтiндiгi хабар...

Толық оқу »

19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Автордың...

Толық оқу »

34-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

34-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы Қ...

Толық оқу »

204-3-бап. Азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алумен байланысты сыйақыны заңсыз талап ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

204-3-бап. Азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарла...

Толық оқу »

5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіМикроқаржылық қызмет туралы Заңы      1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті...

Толық оқу »

58-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

58-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комисс...

Толық оқу »

Келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы

Келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп ал...

Толық оқу »

676-бапқа түсініктеме. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне заңсыз материалдық сыйақы беруі

676-бапқа түсініктеме. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне заңсыз материалдық сыйақы беруі 34-тарау. ӘКІМШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚО...

Толық оқу »

Туындыны жеке мақсата көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеудің кейбір мәселелері туралы

Туындыны жеке мақсата көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеудің кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 99 бұйрығ...

Толық оқу »

678-бапқа түсініктеме. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне заңсыз материалдық сыйақы беруі

678-бапқа түсініктеме. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне заңсыз материалдық сыйақы беруі 1. Заңды тұлғалардың мемлекетті...

Толық оқу »

678-бап. Заңды тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы беруі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

678-бап. Заңды тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы беруі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 1. Заңды тұлғаның мемлекеттік функцияларды орындау...

Толық оқу »

Банкке негізгі борыш, сыйақы және өсімпұл сомаларын есептеу түрінде жасалған банктік қарыздың барлық жабық шарттары және қосымша келісімдер бойынша ақпарат беру туралы өтініш.

Банкке негізгі борыш, сыйақы және өсімпұл сомаларын есептеу түрінде жасалған банктік қарыздың барлық жабық шарттары және қосымша келісімдер бойынша ақпарат беру туралы өтініш....

Толық оқу »

676-бап. Жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

     676-бап. Жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы мөлшерi мынадай өлшемдер ескерiл...

Толық оқу »

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық...

Толық оқу »

185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      Сыйақыны бiрнеше құтқарушы арасында бөлу, осы Заңның 183-бабында белгiленген өлш...

Толық оқу »

18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы...

Толық оқу »

186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнуi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнуiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Құтқару операциясын жүзеге асыру үшiн төленетiн сый...

Толық оқу »

677-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңсыз материалдық сыйақы алуы

677-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

Толық оқу »

33-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

33-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауӨнеркәсіптік саясат туралы Заңы      1. Өнеркә...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 175-бабына түсініктеме. Аудармашының, маманның, сарапшының өздері орындаған жұмысы үшін сыйақы алуы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 175-бабына түсініктеме. Аудармашының, маманның, сарапшының өздері орындаған жұмысы үшін сыйақы алуы1. Қылмыстық іс бой...

Толық оқу »