Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 247-бап. Заңсыз сыйақы алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

247-бап. Заңсыз сыйақы алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

247-бап. Заңсыз сыйақы алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам немесе оған теңестiрiлген адам болып саналмайтын жұмыскерiнің, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң заңсыз сыйақы берген адамның немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына өз мiндеттерiнің аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткенi үшiн өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы алуы –

      сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

   2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет –

      бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) iрi мөлшерде;

      2) қорқытып алу жолымен жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Ескертпе. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамның өз міндеттері аясына кіретін жұмысты бұрын орындағаны немесе қызметті бұрын көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік ор...

Толық оқу »