284-бап. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзінің алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы ғылыми білiмдерiнiң аясынан тыс екенiне немесе өзіне ұсынылған зерттеу объектілері не материалдары қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екенiне және толықтырыла алмайтынына не ғылым мен сот сараптамасы тәжiрибесiнiң жайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жеткізсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабар жазып, оны сараптама тағайындаған адамға жiбередi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы