567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері туралы хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған материалдардың сұрау салушы тарапқа берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тарапқа бас тарту себептерін, сондай-ақ сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қайтадан қаралуы мүмкін шарттарды хабарлайды және сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қайтарады.
3. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тарту немесе оны орындауды кейінге қалдыру үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараппен белгілі бір шектеулерде сұрау салуды орындау тәртібін келісе алады. Егер сұрау салушы тарап белгілі бір шарттармен келіссе, сұрау салушы тарап осы шарттарды орындағаннан кейін сұрау салу қанағаттандырылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы