Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Мемлекет және дін Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

3-бап. Мемлекет және дін Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Мемлекет және дін Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы 

      1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. 

      2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең. 

      3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. 

      4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады. 

      5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді. 

      6. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 

       Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.  

      Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. 

      7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ. 

      Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады. 

      8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет: 

      1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды; 

      2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді; 

      3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды; 

      4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі. 

      9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер: 

      1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды; 

      2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды; 

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi. 

      10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. 

      11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi. 

      12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді. 

      13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді. 

      14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді. 

      15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді. 

      16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

405-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

405-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату тура...

Толық оқу »

337-1-бапқа түсініктеме. Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК экстремизмін жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін ұйымдастыру

337-1-бапқа түсініктеме. Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК экстремизмін жүзеге асыруына байлан...

Толық оқу »

17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тартуДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағ...

Толық оқу »

18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және таратуДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының за...

Толық оқу »

22-бап. Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне иелiк ету Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

22-бап. Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне иелiк етуДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Діни бірлестік таратылған немесе қызметі тоқтатылған кезде оның ме...

Толық оқу »

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Әлеуметтiк, ұлттық, этностық, нәсiлдiк нем...

Толық оқу »

15-бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

15-бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқық...

Толық оқу »

12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесіДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасында: жергілікті, өңірлік және республикалық мәртебесі бар ді...

Толық оқу »

11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастарыДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттарДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адам...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасыДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының дiни қызме...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдарДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:      1) ғибадат үйі (ғимара...

Толық оқу »

19-бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктер Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

19-бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктерДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Шетелдік діни орталық уәкілетті органмен келіспей тағайындаған діни бірл...

Толық оқу »

7-1-бап. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарлама Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

7-1-бап. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Осы Заңның 7-бабының 2-т...

Толық оқу »

21-бап. Мемлекеттiң, ұйымдар мен жеке тұлғалардың меншiгiболып табылатын мүлiктi пайдалану Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

21-бап. Мемлекеттiң, ұйымдар мен жеке тұлғалардың меншiгiболып табылатын мүлiктi пайдалануДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Дiни бiрлестiктер өздерiне шар...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабына түсініктеме. Қызметіне экстремизм немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешімі шығарылғаннан кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабына түсініктеме. Қызметіне экстремизм немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты соттың тыйым салу немесе тарату туралы ш...

Толық оқу »