Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 310-бап. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры және оларды түгендеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

310-бап. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры және оларды түгендеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

310-бап. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры және оларды түгендеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры олардың орналасқан жері, құрамдастық құрамы, сандық және сапалық сипаттамалары, пайдалану шарттары туралы деректерді қамтитын, озонды бұзатын заттарды тұтыну мен олармен жұмыс істеуді есепке алудың кезең-кезеңмен толықтырылып отыратын және нақтыланатын жүйесін білдіреді.

      2. Озонды бұзатын заттардың барлық түрі озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрында есепке алуға жатады.

      3. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      4. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      5. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешімдерді бағалауға, болжауға, әзірлеуге арналған ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында озонды бұзатын заттарды жалпымемлекеттік кешенді есепке алуды жүргізу мақсатында жүргізіледі.

      6. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрының деректері негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган озонды бұзатын заттардың тұтынылуын талдауды және болжауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы ратификациялаған озон қабатын қорғау жөніндегі халықаралық шарттарға сәйкес жыл сайынғы есептілік бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін озонды бұзатын заттарды мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      7. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу үшін озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын және (немесе) құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдық балансында болатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі есепті және озонды бұзатын заттарды түгендеу жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      8. Озонды бұзатын заттарды түгендеу деп жабдықтардағы және техникалық құрылғылардағы озонды бұзатын заттардың көлемін айқындау түсініледі.

      Озонды бұзатын заттарды түгендеу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      9. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі есеп жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірілмей қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры жүйесінде электрондық нысанды толтыру және ақпарат беруге жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады.

      Озонды бұзатын заттарды түгендеу жөніндегі есеп бастапқыда 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірілмей қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі цифрлық жүйесінде нысанды толтыру және ақпарат беруге жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады және өзгерістер енгізілген жағдайда, қайта ұсынылады.

      10. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрының жиынтық деректері ашық және қолжетімді болып табылады.

      11. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі цифрлық жүйесінде және интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылып отырады.

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ  2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

170-бап. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Экология кодексі

170-бап. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қазақстан Респ...

Толық оқу »

171-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Экология кодексі

171-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Экология кодексі Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объекті...

Толық оқу »

303-бап. Мемлекеттік көміртегі кадастры Қазақстан Республикасының Экология кодексі

303-бап. Мемлекеттік көміртегі кадастры Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Мемлекеттік көміртегі кадастры парниктік газдардың шығарылу көздерін, олар шығарған шығар...

Толық оқу »

383-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

383-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды,...

Толық оқу »

382-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры Қазақстан Республикасының Экология кодексі

382-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың...

Толық оқу »

72-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

72-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Мемлекеттік жер қойнауы қорының бір...

Толық оқу »

384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган...

Толық оқу »

385-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Экология кодексі

385-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижеле...

Толық оқу »

342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Мыналарға:      1) жер учаскесіні...

Толық оқу »

157-бап. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

157-бап. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекеттiк жер кадастры қағазға түсiрiлiп жүргiзiледi және ақпаратты жинақтау...

Толық оқу »