382-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), құрамдастық құрамы, сапалық және сандық көрсеткiштерi, сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, пайдаланылу мен залалсыздандырылу технологиялары бойынша біріздендірілген мәлiметтердің геоақпараттық жүйелер негізiнде жүйелендірілген, кезең-кезеңімен толықтырылып және нақтыланып отыратын жиынтығын білдіреді.
2. Қалдықтардың барлық түрi және қалдықтарды игеру объектiлерi калдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алуға жатады.
Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
Объектілердің операторлары өздерінің қызметі процесінде қалдықтарды тұрақты есепке алуды (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті. Қалдықтарды тұрақты есепке алу нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау