Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

       1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы, тиісінше орындамауы, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келсе, –  

      бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге алып келген іс-әрекеттер – 

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер – 

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген іс-әрекеттер – 

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

      5. Медицина қызметкерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бұл іс-әрекет басқа адамға АИТВ жұқтыруға алып келсе, – 

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

114-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы

114-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы 1. Медициналық жән...

Толық оқу »

280-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

280-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сараптамалық жұмыстарды немесе...

Толық оқу »

114-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы

114-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы 1. Медициналық жән...

Толық оқу »

Медициналық қызметкердің адам денсаулығына немқұрайлы немесе адал емес көзқарасы салдарынан міндеттерін тиісінше орындамауы

Медициналық қызметкердің адам денсаулығына немқұрайлы немесе адал емес көзқарасы салдарынан міндеттерін тиісінше орындамауыАлматы қаласы Алмалы ауданы ПБ АТБ өндірісінде А.Т....

Толық оқу »