Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 319-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

319-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

319-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық iс сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.

      2. Судья келiп түскен iс бойынша:

      1) жалпы немесе қысқартылған тәртіптегі басты сот талқылауын тағайындау;

      2) iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

      3. Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда:

      1) қаулының шығарылған уақыты мен жерi;

      2) қаулыны шығарған судьяның лауазымы мен тегi;

      3) қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс.

      4. Шешiм iс сотқа келiп түскен кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс.

      5. Судья қаулы шығарумен бiрмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға мiндеттi.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

319-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің келіп түскен қылмыстық дел бойынша соттың іс-әрекеттері

319-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің келіп түскен қылмыстық дел бойынша соттың іс-әрекеттеріҚылмыстық іс сотқа келіп түскен кезде сот т...

Толық оқу »