32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауапты болады.
2. Егер әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi, қамқорлықты қажет ететiн адамдар заңға орай өзiнiң қамқоршысы болып табылатын балалар ауылында, балалар үйінде, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тұрып жатса, онда балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкiмшiлiгi, егер зиян оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, зиянды толығымен немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге мiндеттi.
3. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi залал келтiрушiнiң кәмелеттiк жасқа толуына қарай не оның кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi немесе өзге де табыс көздерi пайда болса, не ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса, тоқтатылады.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы