Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 35-1-бап. Күштеп әкелу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

35-1-бап. Күштеп әкелу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

35-1-бап. Күштеп әкелу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы 

1. Борышкер мүліктің тізімдемесін жасауға қатыспаған жағдайда, мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасымен танысу үшін шақырғанда дәлелсіз себеппен келмеген кезде ол сот орындаушысының сот санкциялаған уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.

      Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін күштеп әкелу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады. 

      3. Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті. 

      4. Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады. 

      Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады. 

      5. Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 330-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

790-бап. Күштеп әкелу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

790-бап. Күштеп әкелу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1.Осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін шақыру бойынша д...

Толық оқу »

790-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін енгізу

790-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін енгізу 1. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген жағдайларда оған қатысты әкімшілік і...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 157-бабына түсініктеме. Мәжбүрлеп әкелу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 157-бабына түсініктеме. Мәжбүрлеп әкелу1. Шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, күдікті, айыпталушы, сотт...

Толық оқу »