Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 157-бабына түсініктеме. Мәжбүрлеп әкелу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 157-бабына түсініктеме. Мәжбүрлеп әкелу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 157-бабына түсініктеме. Мәжбүрлеп әкелу

1. Шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәжді қаулысы бойынша мәжбүрлеп әкелуге (мәжбүрлеп жеткізуге) ұшыратылуы мүмкін.

2. Тиісті түрде хабарланған адамның шақыру бойынша келмеуінің дәлелді себептері деп: адамның келу мүмкіндігінен айыратын ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзалалар, сондай-ақ адамның белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігі туралы күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә мен жәбірленуші өздері шақырылған органға хабарлауға міндетті.

3. Мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы күдіктіге, айыпталушыға, сондай-ақ куә мен жәбірленушіге оны орындау алдында жарияланады, бұл олардың қаулыға қол қоюымен куәландырылады.

4. Мәжбүрлеп әкелу түнгі уақытта жүргізілмейді.

5. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандар, ал он сегіз жасқа толмаған адамдар олардың заңды өкілін хабардар етпей, жүкті әйелдер, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты өздерінің тұрған жерін тастап кете алмайтын немесе тастап кетуге тиіс емес науқастар мәжбүрлеп әкелуге жатпайды, бұл дәрігермен куәландырылуға тиіс.

6. Соттың мәжбүрлеп әкелу туралы қаулысын сот приставы, ішкі істер органы орындайды; прокурордың, анықтаушының, тергеушінің қаулысын — анықтау, алдын ала тергеу жүргізетін орган немесе ішкі істер органы орындайды.

1) ҚПК-нің 157-бабы нормаларының мағынасындағы мәжбүрлеп әкелуді ҚПК-нің 129-бабымен реттелетін адамды жеткізуден ажырату қажет. Бірінші жағдайда біз іс бойынша процестік мәртебесі жеткілікті түрде айқындалған адамдармен: күдіктілермен, айыпталушылармен, сотталушылармен, жәбірленушілермен, куәлармен істес боламыз. Екінші жағдайда бұл адамды қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, оның нәтижесінде ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін күдікті ретінде ұстап алынуы мүмкін (ҚПК-нің 129-бабы). Негізделген мәжбүрлеп жеткізу (мәжбүрлеп әкелу) іс бойынша таңдалған бұлтартпау шараларына (күзетпен ұстау, үйқамақтан басқа), сондай-ақ куәлар мен жәбірленушілерге қатысты да жүзеге асырылады.

2. Мәжбүрлеп әкелудің негізінде күдіктінің, айыпталушының және т.б. қылмыстық процесті жүргізетін органға ресми (тиісті түрде ресімделген) шақыру бойынша қасақана (негізсіз) келмеуі жатыр. Келмеудің дәлелді себептері бар екендігі туралы күдікті, айыпталушы және т.б. алдын ала (жазбаша, ауызша) хабарлауға және кездескен кезде қылмыстық процесті жүргізетін органға оны растауға тиіс.

3. Түнгі уақыт ұғымы (мәжбүрлеп әкелуге тыйым салу) ҚПК-нің 7-бабы 51) тармақшасының нормасына берілген түсініктемеде келтірілген. Бұл — жалпы ереже. Алайда жауап алуға қатысты ұқсастық бойынша (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда түнгі уақытта жүргізілуі мүмкін (ҚПК-нің 209-бабының 2-бөлігі) мәжбүрлеп әкелу де түнгі уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, куә күндіз беттестіруге келуден қасақана жалтарған жағдайда, ал істің мән-жайлары оны ұсталған күдіктімен дереу беттестіруді талап етеді, өйткені оның нәтижесіне күдіктің негізділігі, ұстап алу мерзімдерінің сақталуы, қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігі және т.б. байланысты болады.

4. ҚПК-нің 157-бабының 5-бөлігінде көрсетілген мәжбүрлеп әкелуге жатпайтын адамдар тобы толық болып табылады. Жүкті әйелдер өз жағдайын медициналық құжаттармен немесе жұмыс берушінің жүктілікке және босануға байланысты демалыста жүргені туралы актілерімен растауға тиіс (Еңбек кодексінің 113-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 114-бабын қараңыз). Тұрғын үй-жайынан, ауруханадан және басқа да болатын жерлерінен шығуға тыйым салынған науқастар мұны дәлелдеу үшін қылмыстық процесті жүргізетін органдарға медициналық құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс. Кәмелетке толмағандардың жасы сол жерде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарымен (туу туралы куәлік, жеке куәлік, паспорт) танысу арқылы расталады.

5) Барлық жағдайларда он төрт жасқа толмаған, яғни жас балалар мәжбүрлеп әкелуге жатпайды (Азаматтық кодекстің 23-бабы). Он сегіз жасқа толмаған кәмелетке толмағандар мәжбүрлеп әкелуге олардың заңды өкілдері хабардар етілгеннен кейін ғана ұшыратылуы мүмкін (ҚПК-нің 7-бабының 13) тармақшасы).

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы — Қоғамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Указ Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

790-бап. Күштеп әкелу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

790-бап. Күштеп әкелу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1.Осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін шақыру бойынша д...

Толық оқу »

35-1-бап. Күштеп әкелу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

35-1-бап. Күштеп әкелуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы1. Борышкер мүліктің тізімдемесін жасауға қатыспаған жағдайда, мүлікке тізімдеме жа...

Толық оқу »

790-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін енгізу

790-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін енгізу 1. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген жағдайларда оған қатысты әкімшілік і...

Толық оқу »