790-бап. Күштеп әкелу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеген кезде өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі күштеп әкелінуі мүмкін.
Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспайды.
2. Шақыру туралы тиісінше хабардар етілген адамның келмеуінің дәлелді себептері болып: адамды келу мүмкіндігінен айырған сырқаты, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігі туралы өздерін шақырған органды хабардар етуге міндетті.
3. Күштеп әкелуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер , ұлттық қауіпсіздік органдары және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргізеді.
4. Күштеп әкелу туралы ұйғарым өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаға не заңды тұлғаның өкіліне, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың ұйғарымға қол қоюымен куәландырылады.
5. Күштеп әкелуді түнгі уақытта жүргізуге болмайды.
6. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, он сегіз жасқа толмаған адамдар – олардың заңды өкілдері хабардар етілместен, жүкті әйелдер, он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелдер мен ерлер, сондай-ақ дәрігер куәландыруға тиісті денсаулық жағдайына байланысты өзінің тұрғылықты жерінен кете алмайтын немесе кетпеуге тиісті науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы