35-бап. Соттың құрамы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Соттың атынан әрекет ететін судья бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді жеке-дара қарайды және шешеді.
2. Алып тасталды – ҚР 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3. Алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1. Осы Кодекстің 27-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша облыстық және оған теңестірілген сотта жеке-дара қарайды және шешеді.
Осы Кодекстің 27-2-бабында көзделген азаматтық істерді кассациялық сотта судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.
4. Істерді апелляциялық сатыдағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының тақ санында (кемінде үш) жүргізеді, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады не судья осы Кодекстің 402-бабына сәйкес жеке-дара жүргізеді.
5. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарауды сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен кассациялық сот судьяларының тақ санды (кемінде үш) соттың алқалы құрамы жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істерді жаңадан қарауға жіберген жағдайларда, кассациялық сот істерді сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.
6. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.
7. Нақты істі қарау үшін соттың құрамы оны қалыптастыруға сот талқылауының нәтижесіне мүдделі тұлғалардың ықпалын болдырмайтын тәртіппен судьялардың жүктемесі мен мамандануы ескеріле отырып, оның ішінде автоматтандырылған цифрлық жүйе пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
8. Бір судья немесе сот құрамы қарауды бастаған істі сол судья немесе сот құрамы қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сот арқылы банкроттық рәсімін, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, сот арқылы банкроттық рәсімі, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды.
9. Судьяны немесе судьялардың біреуін ауыстыру:
1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен мәлімделген және қанағаттандырылған судья өздігінен бас тартқан немесе қарсылық білдірген;
2) ауруына, демалысына, оқуда болуына, қызметтік іссапарда болуына орай судья ұзақ уақыт болмаған;
3) егер тараптар арасында медиация өткізу кезінде келісімге қол жеткізілмесе және тараптардың істі осы судьяның қарауына келісімі болмаған жағдайда мүмкін болады.
10. Судьяны ауыстыру оның өкілеттіктері заңда белгіленген негіздер бойынша тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда да жүргізіледі.
11. Судья істі қарау процесінде ауыстырылған жағдайда сот талқылауы басынан бастап жүргізілуге тиіс. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда процестік әрекеттерді өзара алмасу тәртібімен бір судьяның орнына басқа судьяның жасауы, оның ішінде талап қоюды немесе арызды қабылдауы және іс бойынша іс жүргізуді қозғауы, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарауы, сот талқылауын кейінге қалдыруы судьяны ауыстыру болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы