52-бап. Соттың құрамы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды – судья жеке-дара, ал аса ауыр қылмыстар бойынша:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, айыпталушының өтінішхаты бойынша сот алқабилердің қатысуымен бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді де айыпталушының өтінішхаты бойынша сот алқабилердің қатысуымен бір судья және он алқаби құрамында қарайды.
2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.
Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.
Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.
3. Кассациялық сатыдағы сотта iстердi қарау сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істі жаңадан қарауға жіберген жағдайларда кассациялық саты істі сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.
4. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.
5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.
6. Үкімді орындау және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы