357-бап. Қарсылық білдірулерді шешу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Төрағалық етушi тараптарға сот құрамына, сондай-ақ осы Кодекстiң 356-бабында аталған тұлғаларға осы Кодекстiң 87, 88, 89, 90, 91, 92 және 93-баптарында көзделген негiздер бойынша қарсылық білдіруді мәлiмдеу құқығын түсiндiредi. Бұл қағидалар запастағы судьяға қатысты да қолданылады.
2. Сот мәлiмделген қарсылық білдірулерді осы Кодекстiң 86 және 87-баптарында белгiленген қағидалар бойынша шешедi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы