38-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы
1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:
1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде:
танытым орталықтары, туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, балық өсіру шаруашылықтары, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды салу және орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету; туристiк құрал-жабдықтар беру;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, сондай-ақ балық өсіруді жүргізу;
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия жүргізушілер, гидтер мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру;
пайдалануға берiлген аумақтар мен объектiлердi санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiнде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде қызметтер;
қоғамдық тамақтандыру объектiлерi үшiн өнiм өндiру жөнiнде қызметтер;
көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2) шектеулi шаруашылық қызметiнен, соның iшiнде:
кәдесый өнiмдерiн өндiруден;
аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесiлген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректi өңдеу өнiмдерiн өткiзуден;
жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);
ормандарды молайту және елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар;
шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, балық және балық өнімдерін өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелердi жасаудан түсетін кірістер;
балық шабақтарын өсiруден;
жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);
3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы;
4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары;
6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.
1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты:
1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу;
2) зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, кәмелетке толмаған адамдардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу;
3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады.
2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
3. Табиғат қорғау мекемелерi осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiнен табыс табу мақсатында мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы.
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы