56-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарлар өсiру Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер отандық және дүниежүзiлiк фаунадан жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен жануарлармен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық бағыттағы басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде ветеринариялық және зоотехникалық қызметтер, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн өсiруге арналған питомниктер құрылады.
4. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы.
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы