Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

        1. Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды және сот жарыссөзiне қатысушыларға олардың өз сөздерiнде сот отырысында ұсынылмаған және зерттелмеген материалдарға сiлтеме жасауға құқылы еместігін түсіндіреді. Сотқа жаңа дәлелдемелер ұсыну қажет болған ретте, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiшхат бере алады.

      2. Сот жарыссөзiне қатысушының өтінішхаты бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, бұл үшiн төрағалық етушi ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысына үзiлiс жариялайды.

      3. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушының және қорғаушының сөздерiнен тұрады. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сот жарыссөзі жүргізілмейді. Процеске қатысушылардың сөз сөйлеу ретiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайда да бiрiншi болып айыптаушы сөз сөйлейді.

      4. Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi сөз сөйлеу кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысына үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер көрсетілген адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз сөйлеу кезегi туралы қаулы қабылдайды.

      5. Сот жарыссөзiнiң ұзақтығын сот белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда, төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысатын тұлғалардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.

      6. Сот жарыссөзіне қатысатындардың барлығы сөз сөйлеп болған соң, олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылған себептер бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертулерiн (репликаларын) бiлдiріп сөйлеуге құқылы. Соңғы ескертуді айту құқығы барлық жағдайда да сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi.

      7. Сот жарыссөзiне әрбір қатысушы сотқа осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша шешiмнiң өзi ұсынатын тұжырымдалуын жазбаша түрде ұсына алады. Ұсынылатын тұжырымдаудың сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық со...

Толық оқу »

345-бап. Басты сот талқылауының тәртiптемесі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

345-бап. Басты сот талқылауының тәртiптемесі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысуш...

Толық оқу »

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа,...

Толық оқу »

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қ...

Толық оқу »

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға,...

Толық оқу »

50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбiҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мер...

Толық оқу »