Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

    1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.

      2. Судья санкциялаған күзетпен ұстаудың қысқа мерзімін екі айға дейін ұзарту қажет болған кезде прокурор ол аяқталардан бір тәулік бұрын тергеу судьясына қосымша жиналған материалдары бар тиісті өтінішхатты енгізеді. Тергеп-тексеруді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорымен, өңірлік көлік прокурорымен, аудандық және оған теңестірілген прокурормен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы – үш айға дейін, ал тергеп-тексеруді үш ай мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және күдіктіні, айыпталушыны одан әрі күзетпен ұстау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Бас әскери прокурормен, Бас көлік прокурорымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы тоғыз айға дейін ұзартуы мүмкін.

      3. Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан асырмай ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының Бас әскери прокурормен, Бас көлік прокурорымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.

      4. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам, бірақ он сегіз айдан аспайтын мерзімге ұзартуына айрықша жағдайларда, аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты, қылмыстық қудалау органының орталық аппаратының тергеу бөлімшесі басшысының не қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған прокурордың, тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор бекіткен және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен, оның орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жол беріледі.

      5. Күзетпен ұстау мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, күзетпен ұсталып отырған күдікті, айыпталушы дереу босатылуға жатады.

      6. Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорларына, өңірлік көлік прокурорларына, аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын ұсынылады және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.

      7. Күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он бес тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.

      8. Күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады.

      9. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарап, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына келісім береді және оны күзетпен ұстау мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа дереу жібереді не оны келісуден уәжді түрде бас тартады. Прокурор күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, күдікті, айыпталушы күзетпен ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.

      10. Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат сотқа – күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жеті тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он бес тәулік бұрын ұсынылады.

      11. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан бес тәулік бұрын келісу үшін прокурорға ұсынылуға тиіс және оны прокурор келіп түскен кезден бастап бір тәуліктен асырмай қарайды.

      Прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қарап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен келіседі және оны күзетпен ұстау мерзімін санкциялау қажеттігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясына жібереді. Прокурор күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, ол күзетілуден дереу босатылуға жатады.

      12. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат тергеу судьясына күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын ұсынылады.

      13. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі және оның айыптау актісін жасауы кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты прокурор күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясына ұсынады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немес...

Толық оқу »

236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәул...

Толық оқу »

418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 418-баптың тақыры...

Толық оқу »

425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Iс келiп түскен күнінен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелля...

Толық оқу »

487-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

487-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Заңды күшіне енген айып...

Толық оқу »

501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәрк...

Толық оқу »

89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің79-бабындакөзде...

Толық оқу »